Байланыс формасы

1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 қаңтар 1994 ж. N 2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1288 K931288_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
 

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-министрi



                                           Қазақстан Республикасы         



                                           Министрлер Кабинетiнiң

                                           1994 жылғы 3 қаңтардағы

                                                N 2 қаулысымен

                                                  БЕКIТIЛГЕН



 
 
                1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға
                 берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын
                   жекешелендiрудiң тәртiбi туралы
                              ЕРЕЖЕ
 
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудi жеделдету және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1288 қаулысына және Қазақ КСР Президентiнiң 1991 жылғы 13 қыркүйектегi N 444 қаулысымен бекiтiлген" Қазақ КСР-iнде мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң купондық механизмi туралы Ережеге" сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ереженiң күшiне енгiзiлуi мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру мәселелерiн реттейтiн, бұрын қабылданған нормативтiк актiлердiң күшiн жоймайды, ал 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген тұрғын үйлердi жекешелендiру Ережесiн анықтайды.
      Сонымен бiрге тұрғын үйлердi жекешелендiрудiң негiзгi принциптерi, республика азаматтарына тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын есептеу шарттары мен мөлшерлерi, купондық механизм туралы ережеде азаматтардың жекелеген санаттары үшiн көзделген жеңiлдiктер сақталады.
      3. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген және жекешелендiруге жататын мемлекеттiк тұрғын үй қоры пәтерлерiнiң және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың құны баланстық құн бойынша есептеледi.
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.16. N 1560
                қаулысымен. P991560_
      4. 1991 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша еңбек стажына байланысты азаматтарға есептелген тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының санын 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының құнына сәйкестендiру мақсатында жекешелендiрiлетiн тұрғын үй құнының индексi белгiленедi.
      5. Тұрғын үй құнының индексiн белгiлеуге негiз етiп 1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес республика бойынша орташа есеппен алғанда бiр шаршы метр пайдалы алаңының орташа құны алынады, ол 64 тиынға тең.
      6. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген нақты объектi бойынша жекешелендiрiлген пәтердiң және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың бiр шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай, тозуы мен белгiленген коэффициентi (қабаты, экологиясы, құрылыс материалдары, құнының қымбаттауы және т.б.) ескере отырып айқындалады.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.16. N 1560
               қаулысымен. P991560_
      7. Жекешелендiрiлетiн пәтердiң және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының бiр шаршы метрi құнының бағалық жылғы (1990 ж.) тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiнiң құнына қатысы осы нақтылы объектi бойынша тұрғын жай құнының индексiн құрайды.
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.16. N 1560
               қаулысымен. P991560_
      8. Азаматтардың купондық, есеп-шоттарын мемлекеттiк тұрғын үй қорының жекешелендiрiлуi үшiн жауапты органдар 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген нақтылы объектi бойынша тұрғын жай құнының индексiн ескере отырып қайта есептейдi. Есеп купондық механизм туралы ережеге сәйкес азаматтарға есептелген купондардың санын тұрғын үй құнының индексiне көбейту жолымен жүргiзiледi.
      9. Егер тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының сомасы жекешелендiрiлетiн пәтердi (үйдi) және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың сатып алу үшiн жеткiлiктi болса, ол қолданылып отырған тәртiпке сәйкес жекешелендiрiледi. Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының қолда қалған бөлiгi 1991 жылға сәйкес керi тәртiппен тұрғын үй құнының индексiне бөлу жолымен қайта есептелiп, "Қазжинақбанкi" бөлiмшесiнiң арнаулы есеп шотына аударылады және оны азаматтар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1288 қаулысымен бекiтiлген тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдаланудың тәртiбi туралы Ережеге сәйкес пайдалана алады.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.16. N 1560
               қаулысымен. P991560_
      10. Егер жекешелендiрiлетiн пәтердiң (үйдiң) және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың баланстық құны тұрғын үйдi жекешелендiру купондарының қайта есептелген сомасынан асып кетсе, олардың арасындағы айырмашылық қосымша төленуге тиiс.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.16. N 1560
               қаулысымен. P991560_
      11. Қосымша төленуге тиiстi соманы ақшалай бiр мезгiлде немесе бөлiп-бөлiп төлеуге болады. Тұрғын үйдi жекешелендiру купондары жетiспеген жағдайда азаматтар өздерiне қажеттi купондарды сондай-ақ Тұрғын үйдi жекешелендiру купондарын пайдаланудың тәртiбi туралы Ережеге сәйкес басқа адамдардан сатып ала алады.
      (12-тармақ).
      13. Осы Ереже шыққанға дейiн шарт жасасып, өздерiнiң мемлекеттiк жекешелендiрiлмеген пәтерлерiн орнына құрылыс салынуына байланысты ұйымдарға тапсырған азаматтар жаңадан тұрғын үй алған кезде осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес жаңа пәтерiн жекешелендiруге құқылы.
      (14-тармақ) .
      Ескерту. 12 және 14 тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
               11.01. 1995 ж. N 31 қаулысына сәйкес.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады