"КРАМДС" ҰЛТТЫҚ АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ХОЛДИНГ КОМПАНИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 11 ақпан N 175. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.06. N 1671 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясының Байқаушы кеңесi ұсынған "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрамында холдинг компанияларын қалыптастыру жөнiндегi материалдарды қарай келiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясы холдинг компанияларының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасындағы Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына сәйкес "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясының жарғылық қорындағы акциялардың мемлекеттiк пакетiн одан әрi пайдаланудың бағытын анықтайтын болсын, бұл ретте акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн құрылғалы отырған холдингтерге берудi көздесiн. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң құнына тең холдингтердiң акцияларын иелену, пайдалану және басқару құқығымен "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясына берiлсiн. Бұларға ие болу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде

қалдырылсын.
     3. "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясының Байқаушы кеңесi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң келiсуi бойынша құрылғалы отырған холдинг компаниялары
байқаушы кеңестерiнiң мүшелерi мен президенттерiнiң кандидатураларын
белгiленген тәртiппен бекiтуге енгiзсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы 
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 11 ақпандағы
                                           N 175 қаулысына
                                            Қосымша
            "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясы
                салалық холдинг компанияларының
                             Тiзбесi
     және оларға кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың құрамы

     1. "КРАМДС-Чермет", Алматы қаласы
       - "Атасуруда" акционерлiк қоғамы, Қаражал поселкесi, 
         Жезқазған облысы
       - "Лисаков кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы, 
         Лисаков қаласы, Қостанай облысы
     2. "КРАМДС-Хромит", Ақтөбе қаласы
       - "Ақтөбе ферроқорытпа зауыты" акционерлiк қоғамы, 
         Ақтөбе қаласы
       - "Дөң кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы, 
         Хромтау қаласы, Ақтөбе облысы
     3.
<*>

     Ескерту. "КРАМДС-алюминий" холдинг компаниясы кұрамымен түгел
              шығарылды - ҚРМКҚ 1994 ж. 30 мамыр N 576.
     4. "КРАМДС-Индмаш", Алматы қаласы
       - "Алматы ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамы,
         Алматы қаласы
       - "Шымкент ұста-пресс жабдықтарын шығару өндiрiстiк 
         бiрлестiгi" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы
       - "Ленгiр дәл құймалар зауыты" акционерлiк қоғамы, 
         Ленгiр қаласы, Оңтүстiк Қазақстан облысы
     5. "КРАМДС-Маш", Алматы қаласы
       - "Стенд" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
       - "Темiр" акционерлiк қоғамы, Талдықорған қаласы
       - "Макин поршень сақиналары зауыты" акционерлiк қоғамы ,
         Макин қаласы, Ақмола облысы
     6. "КРАМДС-Ритам", Павлодар қаласы
       - "Октябрь зауыты" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы
       - "Павлодар арнаулы технологиялық жарақтар мен саймандар
         зауыты" акционерлiк қоғамы", Павлодар қаласы
       - "Автоматтандыру және механикаландыру 
         жобалау-конструкторлық технология институты" акционерлiк
         қоғамы, Павлодар қаласы
     7. "КРАМДС-Элком", Алматы қаласы
       - "Арна" акционерлiк қоғамы, Арқалық қаласы
       - "Геофизприбор" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
       - "Павлодар-Электронмаш" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы
       - "Дасу" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     8. "КРАМДС-Дарын", Алматы қаласы
       - "Комплекс" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
       - "Цефар" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы
       - "Асхана ас-үй аспаптары мен механизмдерi" акционерлiк
         қоғамы, Павлодар қаласы
       - "Газмашаппарат" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы 
     9. "КРАМДС-Стром", Қарағанды қаласы
       - "Қазқұрылысполимер" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы
       - "Қостанайасбест" акционерлiк қоғамы, Жетiғара қаласы,
         Қостанай облысы
     10. "КРАМДС-Химталшық", Қостанай қаласы
       - "Қостанайхимталшық" акционерлiк қоғамы, Қостанай қаласы
       - "Лисаков химиялық талшық зауыты" акционерлiк қоғамы,
         Лисаков қаласы, Қостанай облысы
     11. "КРАМДС-Текстиль", Қостанай қаласы
       - "Котекс" акционерлiк қоғамы, Қостанай қаласы
       - "Тұлпар" акционерлiк қоғамы, Жамбыл қаласы
       - "Восход" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы
     12. "КРАМДС-Меланж", Шымкент қаласы
       - "Южтекс" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы
       - "Елқамы" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы
     13. "КРАМДС-Сапа", Петропавл қаласы
       - "Петропавл былғары шикiзат зауыты" акционерлiк қоғамы,
         Петропавл қаласы
       - "Петропавл былғары зауыты" акционерлiк қоғамы, Петропавл
         қаласы
       - "Жарық" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы
     14. "КРАМДС-Мұнайгаз", Алматы қаласы
       - "Полипропилен" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы
     15. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы,
         Шемонаиха поселкесi, Шығыс Қазақстан облысы
     16. "Петропавл электр қорғауыш материалдар зауыты", акционерлiк
         қоғамы, Петропавл қаласы
     17. "Мако" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады