ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДА ҚҰРЫЛЫС САЛУ МИНИСТРЛIГI ЖАНЫНДАҒЫ СӘУЛЕТ-ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 23 наурыз N 289. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.01.24. N 88 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Министрлiк жанынан Мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптама бас басқармасының негiзiнде жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы департаментiн (Мемсараптама), Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау департаментiн (Мемсәулет-бақылау) - және Сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментiн (Мемқұрылыслицензия) олардың облыс орталықтарындағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы аумақтық құрылымдарын қоса құру туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      Аталған департаменттердi қаржыландыру шаруашылық есеп пен өзiн-өзi қаржыландыру шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы, Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және Сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаменттерi қызметкерлерiнiң еңбекақы қоры шарттарын әзiрлеп, бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi 2 ай мерзiмде:
      - жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы департаментi, Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаментi және Сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы ережелердi әзiрлеп, бекiтсiн.
      - құрылыс сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға арналған қаражатты, құрылыстардың ведомстволық тиесiлiгiне, меншiк нысандары мен қаржыландыру көзiне қарамастан, олардың сметасына енгiзу тәртiбiн, осы қаражатты аудару мен пайдалану тәртiбi әзiрлеп, бекiтсiн.
      4. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаментiн құру тапсырыс берушiлердi, мердiгерлердi, жобалау ұйымдарының авторлық қадағалауын құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылысы аяқталған объектiлердiң сапасы үшiн жауапкершiлiктен айырмайды деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi басқа мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, 3 ай мерзiмде "Құрылыс саласындағы құқық бұзушылық үшiн заңды ұйымдардың жауапкершiлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi 2 ай мерзiмде жаңадан құрылып жатқан департаменттер мен олардың аумақтық бөлiмшелерiне қажеттi қызметтiк үй-жайлар бөлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi департаменттердiң және олардың облыстардағы бөлiмшелерiнiң жылжымайтын мүлкi мен дүние-мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне табыстайтын болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi департаменттер мен олардың аумақтық бөлiмшелерiне қажеттi мөлшерде үкiметтiк және қалалық телефон байланысы нөмiрлерi бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      9. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi

жергiлiктi жерлерде департаменттер бөлiмшелерiн ұйымдастыруға
көмек көрсетсiн.
     10. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және 
аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мен әдiлет министрлiгi мүдделi
министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, 2 ай мерзiмде
республика Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға
сәйкестендiру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының 
Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады