Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және экспериментальдық хирургия институтын қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 маусым 1994 ж. N 671

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және экспериментальдық хирургия институты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының ғылыми және практикалық қызметiнiң мынадай негiзгi:
      өкпе, өңеш, асқазан мен бауыр, көкбауыр, ұлтабар аймағының жарақаттары мен ауруын анықтау және хирургиялық емдеудiң жаңа әдiстерiн әзiрлеу;
      тәжiрибе мен клиникада адам өмiрiнiң аса маңызды органдарын ауыстырып салу әдiстерiн әзiрлеу;
      жүректiң жүре пайда болған және туа бiткен ақаулары мен ишимиялық ауруларын хирургиялық емдеудiң жаңа әдiстерiн әзiрлеу және практикаға енгiзу;
      қан тамырларына әртүрлi жарақаттар кезiнде микрохирургия техникасын пайдаланып, пластикалық операция жасау әдiстерiн әзiрлеу және жетiлдiру, қан тамырлары ауруы мен жарақатының түрлерiн анықтау әдiстерiн, қалпына келтiру операциясын қолдану көрсеткiштерiн зерделеу және жетiлдiру;
      анестезияның жаңа түрлерiн әзiрлеп, оны практикаға енгiзу,

хирургияның барлық саласында анестезиологиялық және реанимациялық
қамтуды жетiлдiру;
     - хирургия, анестезиология мен реаниматология бойынша ғылыми
және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен дәрiгер-хирургтердiң
бiлiктiлiгiн арттыру бағыттары белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр 
ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
министрлiгiнiң А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы
туралы ереженi бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады