Атырау облысындағы Прорва кен орнында iлеспе мұнай газ конденсатын пайдалану жөнiндегi қондырғы салу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 шiлдедегі N 817 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      "Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 382 қаулысына сәйкес және Атырау облысы халқының мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн табиғи газ бен газ конденсатын өңдеудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Атырау облысындағы Прорва кен орында С.О.Р.S. (АҚШ) коммерциялық банкiнiң "Санакогаз" акционерлiк қоғамы бөлген шет ел кредитi есебiнен алынған iлеспе газ және газ конденсатын пайдалану жөнiндегi қондырғы салу жобасы мақұлдансын. 
      2. Прорва кен орында табиғи газ конденсатын өңдеу құқығы "Санакогаз" акционерлiк қоғамына, "Бөбек" қайырымдылық қорының еншiлес кәсiпорындары мен "Атырау" Мұнай сауда үйi" құрған "Жәрдем" акционерлiк қоғамына берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiгi аталған Жобаны жүзеге асыруға берiлген кредиттi қайтару тетiгi мен кестесiн әзiрлесiн. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен С.О.Р.S. (АҚШ) коммерциялық банкiне өтеу мiндеттерi бойынша үкiмет кепiлдiгiн беру туралы мәселенi қарастырсын. 
      4. "Теңiзмұнайгаз" акционерлiк қоғамы Атырау облысындағы Прорва кен орнында iлеспе газ және газ конденсатын өңдеу жөнiндегi қондырғыны салу мен оны пайдалануды және тауар өнiмдерiн тасуды ұйымдастыруда "Санакогаз" акционерлiк қоғамына көмек көрсетсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады