Қазақстан Республикасына шет ел кредиттерiн тарту жұмыстарын тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 294 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 294 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 K952035_ қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Шет ел кредиттерiн тарту және пайдалану саласында мемлекеттiк басқару органдарының, банктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара iс-қимылын тәртiпке келтiрудi қамтамасыз ету үшiн:
      а) Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шет ел инвестицияларын және тауар кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн;
      ә) Қазақстан Республикасы алатын және кепiлдiк беретiн шет ел кредиттерiн Қазақстан Республикасының атынан алатын заемшылар, сондай-ақ осы кредиттерге қызмет көрсету жөнiндегi агенттер болып:
      орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi инвестициялық кредиттер бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк даму банкi;
      шетелдердiң осы секiлдi қаржы-банк ұйымдарынан тартылатын қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi инвестициялық кредиттерi бойынша, сондай-ақ:
      KAZAKHSTAH ALEM ВАНК-тiң құқықтық мұрагер ретiнде ол қайта қойған;
      Осы Қаулы қабылданғанға дейiн қайта жасалған нақты жобалар бойынша күшiне енген кредит келiсiмдерi бойынша - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi белгiленсiн;
      б) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай iшiнде шетел кредиттерi мен заемдарын тiркеу туралы және Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн;
      шағын және орта бизнестiң инвестициялық жобасы бойынша рұқсат етiлген қазақстандық банктер. <*>
      в) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн және коммерциялық банктердi тартып, бiр ай мерзiм iшiнде алған немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгi берiлген шетел кредиттерiнiң есебiнен қаржыландырылатын тауарлар сатып алу мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тәртiбi мен процедуралары туралы нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн;
      г) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң алған шетел кредиттерiне агенттiк қызмет көрсету үшiн тәуекелдiктi бөлiсу және қазақстандық коммерциялық банктердi тарту жағдайында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн алған шетел кредиттерi бойынша қазақстандық коммерциялық банктерге Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн беру тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсiн.
      Ескерту. 1-тармақтың "б" тармақшасы жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.04.25. N 548 қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономикасын құрылымдық жаңғырту үшiн шетел капиталын тарту мен пайдаланудың Мемлекеттiк бағдарламасының жобасын әзiрлеп, ұсынатын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен, Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiмен бiрлесiп және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қатысуымен 3 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының сыртқы борышын басқарудың кешендi жүйесiнiң енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi мен Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi екi апта мерзiмде банктердiң Жарлығын осы қаулымен сәйкестендiрiп, кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде қайта тiркелетiн етiп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi шет ел кредиттерiн тарту мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi

                                  Қазақстан Республикасы    
                                  Министрлер Кабинетiнiң
                                  1995 жылғы 8 ақпандағы
                                   N 139 қаулысымен
                                         бекiтiлген

            Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан
              Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн
          шетелдiк инвестициялық және тауарлық кредиттердi
              тарту, пайдалану және оларды есепке алу
                    жұмыстарын ұйымдастыру туралы
                             ЕРЕЖЕ

      Бұл Ереже Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен шетелдiк мемлекеттер, банктер мен банк топтары, жекелеген шетелдiк фирмалар (бұдан былай - шетелдiк кредиторлар) беретiн шетелдiк инвестициялық және тауарлық кредиттердi тарту, пайдалану және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастырудың тәртiбiн анықтайды.
      Бұл Ереже Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер дербес түрде тартып, пайдаланатын және Қазақстан Республикасының кепiлдiк беруiн талап етпейтiн шетелдiк кредиттерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тартып, қызмет көрсететiн кредиттерге қолданылмайды.

            I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы алатын немесе кепiлдiк беретiн шетелдiк инвестициялық және тауарлық кредиттердiң жалпы жылдық сомасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлігiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсуi бойынша әзiрлеген ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының сыртқы берешектерi лимитi шегiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.

          II. Қазақстан Республикасы алатын немесе кепiлдiк
          беретiн шетелдiк кредиттердiң пайдалану бағыттары

      2. Шетелдiк кредиттер:
      кәсiпорындардың жұмыс iстеуiне қажеттi жабдықтар мен технологияларды, оларды жаңартып, дамытуға арналған жабдықтар мен қызметтердi (инвестициялық кредиттердi) қоса алғанда, жаңа кәсiпорындардың құрылысы мен жаңа өндiрiстер ұйымдастыру үшiн;
      ерекше жағдайларда шикiзат, материалдар, жинақтаушы бұйымдар, дәрi-дәрмек, басқа да әлеуметтiк мәнi бар тауарлар (тауарлық кредиттер) импорттау үшiн тартылады.
      3. Инвестициялық кредиттер Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарында көзделген жобаларды жүзеге асыру үшiн пайдаланады, бұл жобалар осы Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi әзiрлеген ұсыныстар негiзiнде Министрлер Кабинетiнiң қаулыларымен бекiтiледi.
     Өтелу мерзiмiне қарай инвестициялық кредиттер қысқа мерзiмдi (1 жылға дейiн), орташа мерзiмдi (1 жылдан 5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан артық) болып бөлiнедi.
      4. Тауарлық кредиттер мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн тауарлар сатып алу үшiн, табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою үшiн, өткiр әлеуметтiк және мемлекеттiк мұқтажды өтеу үшiн пайдаланылады.
      Тауарлық кредиттердiң жалпы сомасы алынатын шетелдiк кредиттердiң жалпы жылдық мөлшерiнiң бес процентiнен аспауы тиiс. Iшкi заемшы үшiн тауарлық кредиттердiң өтелу мерзiмi бiр жылдан аспауы тиiс.
      5. Кредиторларды, сондай-ақ шетелдiк тауар (жұмыс және қызмет көрсету) жөнелтушiлердi конкурс бойынша iрiктеп алу шетелдiк кредиттер есебiнен қаржыландырудың басты шарты болып табылады.

               III. Қазақстан Республикасы алатын немесе
                    кепiлдiк беретiн шетелдiк кредиттердi
                              тартудың тәртiбi

      6. Шетелдiк кредиттер тарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Мемлекеттiк даму банкiнiң және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қабылдайды.
      7. Шетелдiк кредиттердi тартудың шарттары шетелдiк кредиторлармен келiссөздер барысында анықталады, келiссөздердi мүдделi министрлiктердi, ведомстволарды, банктердi, облыстардың әкiмдерiн, кәсiпорындар мен ұйымдарды тарту арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жүргiзедi.
      8. Шетелдiк кредиттер мен заем тарту мәселелерi бойынша үкiметаралық келiсiмдерге Қаржы министрi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген адам қол қояды.
      Қажет болған жағдайда бұл құжаттар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнде бекiтiледi.

            IV. Шетелдiк кредиторларға берiлетiн кепiлдiктер

      9. Шетелдiк кредиторларға Қазақстан Республикасының кепiлдiктерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша берiледi. Кепiлдiктер берудi қол қойылған сыртқы кредиттiк келiсiмдер есебiнен қаржыландырылатын нақты контрактылар (қаржылық контрактылар, шарттар, келiсiмдер) бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады. Кепiлдiктерге Қазақстан Республикасының Қаржы министрi немесе оның орнындағы адам қол қояды.
      10. Заем алушы банктердiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне белгiленген тәртiпке сәйкес қарама-қарсы кепiлдiктер немесе мемлекеттiк банктер үшiн олар осы Ереженiң 13-тармағындағы а, ә, б тармақшаларына жататын жобаларды қаржыландырылған жағдайда Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер тапсыруы Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн берудiң мiндеттi шарты болып табылады.
      11. Барлық кепiлдiктер Қазақстан Республикасының сыртқы заемдарға арналған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiтетiн лимитi шеңберiнде берiледi.

            V. Шетелдiк кредиттер мен заемдарды пайдалану туралы
               шешiмдер әзiрлеу және қабылдау

      12. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың әкiмдерi мүдделi ұйымдар мен кәсiпорындардың, салалық және аймақтық бағдарламалардың негiзінде Қазақстан Республикасы кепiлдендiретiн шетелдiк кредиттер мен заемдар есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және тауарлар сатып алудың тәртiбi мен процедуралары туралы нұсқаулыққа сәйкес үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне инвестициялық жобалар мен тауарлар сатып алу туралы бiрiншi басшы қол қойған ұсыныстарды тапсыруы тиiс.
      13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының кезектi Индикативтiк жоспарын әзiрлеу шеңберi мен мерзiмiнде:
      құрылымдық-инвестициялық саясаттың басым бағыттарын;
      инвестициялық жобалар мен тауарлар сатып алуды сыртқы қаржыландыру iсiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы кепiлдiктерiнiң жалпы лимиттерiнiң салалар бойынша бөлiнiсiн мынадай санаттарға саралап:
      а) сыртқы қаржыландыруға деген болжамды бағасы көрсетiлген iрi инвестициялық жобалардың (құны он миллион АҚШ долларынан артық) тiзбесiн;
      ә) импорттаушы кәсiпорындар (ұйымдар) көрсетiлген тауарлар сатып алу тiзбесiн;
      б) импорттаушы кәсiпорындар (ұйымдар) көрсетiлген әлеуметтiк саланың инвестициялық жобалары мен әлеуметтiк мұқтажға арналған тауарлар сатып алу тiзбесiн;
      в) Қазақстандағы коммерциялық банктер арқылы (олардың қарама-қарсы кепiлдiктерiн алу шартымен) орта және шағын бизнестiң инвестициялық жобаларын қаржыландыруға арналған салалар бойынша бөлу арқылы;
      халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар мен жәрдем берушi елдерден даму үшiн алынатын ресми көмек шеңберiнде кредиттер мен заемдарды молықтыру жөнiндегi ұсыныстарды;
      шетелдiк кредит немесе заем алушы мемлекеттiк банк жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзедi.
      14. Кепiлдiктердiң жалпы салалық лимиттерi, iрi инвестициялық жобалар мен сатып алудың тiзбелерi және оларға кредит берушi мемлекеттiк банктер, орта және шағын бизнеске арналған кепiлдiктердiң салалық лимиттерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен соң, баспасөзде жарияланады.
      15. Тиiстi мемлекеттiк банк нақты жобаның күрделiлiгi айқындайтын, бiрақ 3 айдан артық емес мерзiмде 13-тармақтың а, ә, б тармақшаларына жататын жобаларға банктiк сараптама жүргiзедi. Қосымша сараптама жүргiзу талап етiлетiн жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсуi бойынша бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн.
      Оң тұжырым болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк банк мүдделi кәсiпорынмен бiрлесiп (бұдан былай - iшкi заем алушы), жобаны, оны қаржыландыру схемасын және iшкi заем алушы тарапынан кепiлдiктердiң (қарама-қарсы кепiлдiктердiң) қамтамасыз етiлу тетiгiн онан әрi пысықтайды.
      Терiс тұжырым болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк банк осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген нұсқаулықтағы тәртiпке сәйкес аталған жобаны бекiтiлген тiзiмiнен шығару туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне ұсыныс енгiзуге мiндеттi.
      Қаржыландыру үшiн әзiрленген жобаны мемлекеттiк банк белгiленген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң қарауына ұсынады, ол бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тиiстi шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң ұсыныстары негiзiнде нақты жоба бойынша шешiм қабылдап, тиiстi мемлекеттiк банкке кредиттiк келiсiм жасасуға рұқсат бередi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берудi тапсырады.
      Iшкi заемшы тиiстi мемлекеттiк банкке кредиттi және оған байланысты төлемдердi өтеу кепiлдiктерiн, оларды қамтамасыз ету көздерi мен тетiктерiн табыс етедi.
      Тиiстi мемлекеттiк банк осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөнiнде Қаржы министрлiгiне мiндеттемесiн табыс етедi.
      16. Iрi жобаларды қаржыландыруға арналған шетелдiк кредиттерге банктiк қызмет көрсету iсiн мемлекеттiк банктер конкурстық негiзде Қазақстандағы коммерциялық банктердiң арасында жүзеге асыра алады.
      Осы кредиттерге қызмет көрсету iсiн коммерциялық банктер арасында аталған жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi бекiтедi.
      17. Сыртқы кредиттiк келiсiмдер бойынша құқықтық сараптаманы белгiленген тәртiппен бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады.
      18. Iшкi заем алушылар осы Ереженiң 13-тармағының "в" тармақшасына жататын инвестициялық жобаларды кейiн мүмкiндiгiне қарай Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн сыртқы заемдар есебiнен кредит беру үшiн рұқсат етiлген қазақстандық коммерциялық банктерге табыс етедi.
      19. Қазақстандағы коммерциялық банктерге рұқсат ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi бекiткен ережеге сәйкес анықталады.
      20. Рұқсат етiлген банктер iшкi заем алушылармен бiрлесiп, инвестициялық жобаларды пысықтайды және белгiленген тәртiпке сәйкес қаржыландыру үшiн әзiрленген жобаны Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне тапсырады.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi рұқсат етiлген банктер тапсырған жобаларды олардың келiп түсуiне қарай белгiленген тәртiппен бiр ай iшiнде қарайды және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тиiстi шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң ұсыныстары негiзiнде нақты жоба бойынша шешiм қабылдап, рұқсат етiлген тиiстi банкке кредиттiк келiсiм жасасуға рұқсат бередi және Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн беру тәртiбiне сәйкес аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады.
      21. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жобаны тапсырушы рұқсат етiлген банктiң белгiленген нысандағы қарама-қарсы кепiлдiгi болған жағдайда ғана жоғарыда көрсетiлген жобалар бойынша Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн ақылы негiзде бередi.
      22. Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi рұқсат етiлген банктер үшiн жоғарыда айтылған шарттармен орта және шағын бизнестiң инвестициялық жобаларына өз меншiгiндегi капитал шегiнде дербес кредит бере алады.

             VI. Жүзеге асыру және бақылау

      23. Шетелдiк валютамен алынатын барлық инвестициялық және тауарлық кредиттер банктер мен iшкi заем алушылар әрбiр кредит бойынша тапсырған құжаттама негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде тiркеледi.
      24. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан тарапынан тиiстi банктер қол қойып жасалатын кредиттiк келiсiмдер, сондай-ақ нұсқаулыққа тартуға, пайдалануға және өтеуге қатысты барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде тiркелуге жатады.
      Тiркелуге жататын құжаттар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қол қойылған соң 10 күн iшiнде ұсынылады. Олар жоғарыда көрсетiлген құжаттар табыс етiлiсiмен 15 күн iшiнде тiркелiп, бұл туралы тiркеу куәлiгi берiледi.
      25. Сыртқы борыш есебiнен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзедi. Шетелдiк кредиттер мен заемдарға қызмет көрсететiн банктер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне сыртқы берешек туралы белгiленген нысан бойынша және белгiленген мерзiмде тоқсан сайын есеп берiп отырады.
      26. Шетелдiк кредиттер алушы банк-заемшылар жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне белгiленген нысан бойынша тоқсан сайын есеп берiп отырады.
      27. Iшкi заем алушылар мемлекеттiк статистика органдарына, тиiстi салалық министрлiкке және облыс әкiмiне инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы белгiленген нысан бойынша тоқсан сайын ақпар берiп отырады.
      28. Тиiстi салалық министрлiк немесе облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы шет елдiк инвестициялар жөнiндегi агенттiкке және Қаржы министрлiгiне белгiленген нысан бойынша ақпар берiп отырады.
      29. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттi жасау кезiнде кредиттерге, оның iшiнде валютамен өтелмейтiн жобаларға қызмет көрсететiн арнайы қор құрылуын көздейдi. Бұл қор сыртқы қаржы көздерi, бонустар мен роялти, кәсiпорындарды жекешелендiруден, кәсiпорындар банкрот болған кезде олардың активтерiн сатудан түсетiн қаражаттан және басқа қаржы көздерi есебiнен толықтырылады.
      Үкiмет кепiлдiктерi бар заем алушылар өздерiне байланысты себептермен берешек болған жағдайда оның орнын толтыру үшiн Үкiметтiң шешiмiмен аталған қордан бiр жылдан аспайтын мерзiмге кредиттер берiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады