Қазақ КСР Министрлер Кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 294 Қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 294 қаулысына  
қосымша       

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
және Қазақстан Республикасы Мннистрлер Кабинетінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Мемлекеттік нысаналы пайызсыз қарыздарды шығару туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 21 желтоқсандағы № 1119 қаулысын іске асыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1990 ж, № 7, 34-құжат).
      2. «Сыртқы экономикалық қызметті 1990 жылы мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 11 желтоқсандағы № 1104 қаулысын іске асыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 2 ақпандағы № 42 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-Ы, 1990 ж., № 7, 36-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттік ішкі қарызын шығару туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 мамырдағы № 414 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, № 19, 308-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік ішкі қарызын шығару туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 мамырдағы № 414 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 11 маусымдағы № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, № 23, 288-құжат).
      5. «Мұнайдың экспорттық бағасы мен оған республика ішінде берілетін бағалар арасындағы айырма бөлігін бюджет кірісіне төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қыркүйектегі № 914 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, № 39, 456-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары қызметкерлерінің формалы киімінің, аяқ киімінің және жабдықтау заттарының тізбесін және оларды киіп жүру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 20 қыркүйектегі № 1037 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 39, 426-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 қарашадағы № 1220 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасына шет ел кредиттерін тарту жұмыстарын тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 ақпандағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 5, 65-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 ақпандағы № 139 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 548 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 14, 167-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттік ішкі ұтыс займы қазыналық бондарының айналымын тоқтату және 1995 жылы оларды өтеудің тиражын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 720 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады