Экспорттық айырбас операцияларын тәртiпке келтiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 8 ақпан N 141. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.17. N 984 қаулысымен.

      Экспорттық операцияларды тәртiпке келтiру және валюта түсiмдерiнiң толық түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi стратегиялық маңызы бар тауарлар номенклатурасы бойынша айырбас операцияларына жасалатын контрактылар мен берiлетiн лицензияларды тiркеудi облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатының негiзiнде ғана жүзеге асырсын.
      2. Халықаралық агроөнеркәсiп биржасы айырбас операциялары бойынша астық пен мақтаны экспортқа шығару үшiн сертификаттар берудi тек Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатының негiзiнде ғана жүзеге асыратын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi экспортқа

өнiмнiң шығарылуына бақылауды күшейтсiн, Қазақстан Республикасының
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен өкiлеттi банктерге жөнелтiлген
өнiмнiң мөлшерi мен валюта түсiмiнiң сомасын көрсетiп, жедел түрде 
кеден декларацияларының тiркелiмiн табыс етсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады