"Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының "Ақтау-Атырау-Орал" кабельдiк байланыс желiсiн қайта жаңарту" инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 ақпандағы N 181

      Ақтау-Атырау-Орал мұнай құбырының жанынан өтетiн кабель желiсiн қайта жаңартудың және Қазақстанның мұнай кешенiн басқару мен мұнайды қайта айдаудың көлiктiк схемасының осы заманғы әдiстерiн енгiзудiң өткiр қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен француздың "Alcattl CIT" компаниясы арасындағы Ақтау-Атырау-Орал кабельдiк байланыс желiсiн қайта жаңарту, сондай-ақ мамандарды оқыту мен сервистi ұйымдастыру жөнiндегi контракт мақұлдансын.
      2. Жобаны қаржыландыру Франция беретiн кредит шеңберiнде жүзеге асырылсын.
      3. Қазақстанның мемлекеттiк даму банкi тиiстi француз банкiмен жасалған контрактiге сәйкес 23,295 млн. (жиырма үш миллион екi жүз тоқсан бес мың) АҚШ доллары сомасына кредит бөлу туралы жеке кредит келiсiмiн жасайтын болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жеке кредит келiсiмiне Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн.
      4. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы Қазақстанның мемлекеттiк даму банкiмен кредиттiк келiсiм жасасын және оған әрi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қажеттi кепiлдiк мiндеттемесiн берсiн.
      5. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы есептелетiн проценттер мен басқа да iлеспе шығындарды ескере отырып, мұнай бiрлестiктерiнiң мiндеттемелерiне сәйкес шикi мұнайды беру есебiнен кредиттiң орнын толтыруды белгiленген мерзiмде қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, қайта жаңартылған байланыс желiсiн Батыс Қазақстан аймағының барлық тұтынушылары мүддесiне кешендi пайдаланудың схемасын әзiрлесiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне аталған қаулының жүзеге асырылуын бақылау жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады