"Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясын қайта құру мен дәрi-дәрмек нарығын дамыту мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 10 сәуiр N 449

      Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл Бағдарламасына сәйкес, республика халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жақсарту, бәсекелестiктi дамыту және мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процессiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясынан /әрi қарай - "Фармация" холдингi/ "Фармация" холдингiне кiретiн акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығы, сондай-ақ өндiрiстiк және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығы қайтарып алынсын;
      қайта құрылғаннан кейiн қалған "Фармация"холдингiнiң бас кәсiпорынының есебiндегi мүлiктер жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамының жарғы қорына берiлсiн;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Баға мен монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп:
      халықты әлеуметтiк қорғау мақсатында жергiлiктi жағдайларды ескере отырып, мемлекеттiк дәрiханалар жүйесi құрылсын, денсаулық сақтау органдарына (ауруханалардың iшiндегi, ауруханалараралық және орталық аудандық) дәрiхана мекемелерiн қажеттi мөлшерде бере отырып, олар денсаулық сақтау саласына бөлiнетiн бюджеттiк қаражат шегiнде ұсталсын;
      ауылда және шалғай орналасқан елдi мекендерде дәрiхана мекемелерiн сақтау керектiгiн және аумақтық ерекшелiктер мен объектiлердiң салалық ерекшелiктерiн ескере отырып, аумақтық акционерлiк қоғамдар мен "Фармация" холдингiнiң құрамындағы дәрiханалар жүйесiн, көтерме сауда базаларын, басқа да кәсiпорындары мен ұжымдарын кезеңдеп жекешелендiрудiң тетiгi мен жоспарын әзiрлеп, iске асыруға кiрiссiн.
      2. Республикалық бюджет пен мемлекетаралық кредит желiсi есебiнен "Фармация" холдингi арқылы алынған дәрi-дәрмек препараттары үшiн берешектi қосымшаға сәйкес сома мен мерзiмде енгiзу жөнiндегi "Фармация" холдингiнiң құқықтық мұрагерлерi болып оның негiзiнде жаңадан құрылатын акционерлiк қоғам, облыстардағы "Фармация" акционерлiк қоғамдары, Алматының "Астана дәрi" акционерлiк қоғамы және Шымкент "Химфарм" акционерлiк қоғамы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет аурулардың жекелеген санаттарын дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жеңiлдiктi түрде қамтамасыз етудiң тетiгiн әзiрлеп, енгiзетiн болсын.
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.05.13. N 431
               қаулысымен. P980431_

      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, халықты және емдеу-профилактикалық мекемелерiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ фармацевтикалық әрi медициналық өнiмдердi шығару жөнiндегi мемлекеттiк саясат жүргiзетiн болсын;
      тапшылықты импортқа дәрi-дәрмек алуға бөлiнетiн бюджеттiк қаражат пен жеңiлдiктi кредиттi тендерлiк негiзде бөлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құрамында дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi Бас басқарма құру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне келiсiлген ұсыныс енгiзсiн;
      облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының әкiмдерi жергiлiктi денсаулық сақтау органдарының жанынан тиiстi құрылымдар құрсын;
      Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен келiсе отырып, белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Денсаулық сақтау министрлiгiне ғылым үшiн бюджеттен бөлiнетiн қаржы шегiнде ұсталатын Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация ғылыми орталығын құру туралы шешiмнiң жобасын енгiзсiн.

        Қазақстан Республикасы
         Премьер-министрiнiң
         бiрiншi орынбасары
                                             Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 сәуiрдегi N 449 қаулысына қосымша


            Дәрi-дәрмек препараттары үшiн берешектi енгiзу,

           қарыздың мөлшерi (1995 жылғы 1 қаңтарға) мен  
           оларды өтеудiң мерзiмi жөнiндегi "Фармация"
              холдингi құқықтық мұрагерлерiнiң  
                         Тiзбесi

     1. Орталықтандырылған кредиттiк қаражаттар бойынша:
___________________________________________________________________
  "Фармация" акционерлiк қоғамының     |   берешектiң мөлшерi
             атауы                     |      (теңгемен)
_______________________________________|____________________________
________________1______________________|___________2________________

 Қайта құрылатын "Фармация" холдингi       37 360 620-80 
 негiзiнде  
 Ақтөбе облыстық                            7 535 724-41
 Алматы облыстық                           10 409 288-43
 Ақмола облыстық                            8 892 963-15
 Атырау облыстық                            6 363 436-88
 Шығыс-Қазақстан облыстық                  10 016 561-61
 Жамбыл облыстық                           11 628 842-70
 Жезқазған облыстық                         3 659 378-69
 Батыс-Қазақстан облыстық                  10 277 819-40
 Қарағанды облыстық                        24 310 487-90
 Қызылорда облыстық                        13 710 019-00
 Көкшетау облыстық                          8 296 030-72
 Қостанай облыстық                         18 543 888-40
 Маңғыстау облыстық                         6 997 348-80
 Павлодар облыстық                         16 312 939-83
 Солтүстiк-Қазақстан облыстық               8 610 961-55
 Семей облыстық                            13 870 184-87
 Талдықорған облыстық                      14 237 712-50
 Торғай облыстық                            3 116 036-61
 Оңтүстiк-Қазақстан облыстық               42 290 427-38
 Алматы қалалық "Астана дәрi"              15 932 646-94
 Ленинск қалалық                              666 455-06

      Барлығы                             293 039 775-63
                 (екi жүз тоқсан үш миллион отыз тоғыз
                 мың жетi жүз жетпiс бес теңге 63 тиын)

     II. Ресей Федерациясының кредитi бойынша
     
 Қайта құрылатын ("Фармация"          8 620 400 000 ресей сомы
 холдингi негiзiнде)                  (2 852 986-91 АҚШ долл.)
 "Химфарм" Шымкент қаласы             1 879 600 000 ресей сомы
                                      (627 369,83 АҚШ долл.)

     III. "Тега Контетрейд" фирмасының консигнациялық кредитi
          бойынша
 Қайта құрылатын ("Фармация"          13 386 000,0 АҚШ долл.
 холдингi негiзiнде)

     IV.Қарызды өтеу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлiгi белгiлейдi. 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады