Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшiлiгiн және Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкiлдiгiн орналастыру үшiн жер учаскелерi мен үйлердi республика меншiгiне сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 6 маусым N 782

      Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшiлiгiн және Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкiлдiгiн орналастыру мақсатында, сондай-ақ Вашингтонда /Колумбия округi/ және Нью-Йоркте жылжымайтын мүлiк рыногындағы және Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Риггз банкiмен ұзақ мерзiмдi кредит беру жөнiндегi уағдаластыққа қол жеткiзiлгенiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Вашингтон қаласындағы /Колумбия округi/ 5130 Macarthur Воulеvаrd, NW; 
      мекен-жайы бойынша алаңы 1863 шаршы метр жер учаскесiн Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыруға және 1015 Basil Rоаd, Мсlеаn, Virdginia мекен-жайы бойынша алаңы 8094 шаршы метр жер учаскесiн Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Елшiлiгiнiң өкiлдiк резиденциясын әкiмшiлiк орналастыру үшiн Нью-Йоркте 313 Е.51 st St мекен-жайы бойынша алаңы 550 шаршы метр және Нью-Йорк қаласындағы 346-348 East 43 st. мекен-жайында орналасқан үйлердегi жалпы алаңы 846 шаршы метр (өкiлдiк резиденциясы және тұрғын пәтер үшiн. Жер учаскесiн БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкiлдiгi үшiн республиканың жекеменшiгiне сатып алу жөнiнде ұсынысы қабылдансын<*>. 
      <*>Ескерту. 1-тармақтың сөздер толықтырылған - ҚРМК-нiң 
                  1995.08.03. N 1072 қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi және Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi ведомстволарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiлiгiне Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Риггз банкiмен Қазақстан Республикасының Елшiлiгi мен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкiлдiгi үшiн 1-тармақта көрсетiлген жер учаскелерi мен сатып алуға арналған 12,5 млн. /он екi миллион бес жүз мың/ АҚШ доллары сомасында ұзақ мерзiмдi кредит берiлуi жөнiнде келiсiм жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкiлдiгi мұқтажына Нью-Йорк қаласындағы үйдi қайта жаңғырту жөнiнде агенттiк келiсiм жасау үшiн қажеттi құжаттарды әзiрлеуге сарапшылық көмек көрсетсiн<*>. 
      <*>Ескерту. 2-тармақтың сөздер алмастырылған - ҚРМК-нiң 
                  1995.08.03. N 1072 қаулысымен.  
      3. АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Т.С.Сүлейменовке жоғарыда көрсетiлген келiсiмдерге қол қоюға уәкiлдiк берiлсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тартылған кредиттi өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдан бастап және Келiсiмде айқындалған кезеңге дейiн проценттердi төлеу және негiзгi қарызды өтеуге арналған қажеттi қаржыны "жұмыс iстеп тұрған және жаңа елшiлiктердi ұстауға арналған шығындар" тармағы бойынша көзделген қаржы шегiнде бөлiнсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады