Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 шiлде N 927. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1792 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң штатында 28 адам бар Республикалық ұйымдастыру-педагогикалық инспекциясын жою және Бақылау жөнiндегi департамент орталық аппаратының құрамына 15 адам енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы, қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 165 адам болып бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiне министрдiң

төрт орынбасарын, оның iшiнде бiреуi бiрiншi, сондай-ақ саны
15 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат берiлсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппараты
үшiн қызметтiк автомобильдер лимитi 5-еу болып белгiленсiн.
     5. "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1076 қаулысының күшi 
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                  Қазақстан Республикасы 
                                  Министрлер Кабинетiнiң
                                  1995 жылғы 5 шiлдедегi
                                     N 927 қаулысына
                                           қосымша

               Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi
                        орталық аппаратының
                             Құрылымы

     Басшылық
     Жоғары бiлiм және ғылым жөнiндегi бас басқарма
     Жалпы орта бiлiм беру жөнiндегi бас басқарма
     Экономика және қаржы бас басқармасы
     Арнайы орта бiлiм беру жөнiндегi жетекшi басқарма
     Халықаралық байланыстар жөнiндегi жетекшi басқарма
     Iс басқармасы
     Бақылау жөнiндегi департамент
     Оқу-әдiстемелiк тәрбие бөлiмi
     Мектеп жасына дейiнгi тәрбие бөлiмi
     Интернат мекемелерi бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
     Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру
     жөнiндегi бөлiм
     Заң бөлiмi
     Әскери-жұмылдыру жұмысы секторы
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады