"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржы жағынан сауықтыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1005

      "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржы жағынан сауықтыру, кәсiпорынды басқарудың нарықтық нысандары мен әдiстерiн пайдалану, бюджет қаражатының ысырабын жою, шетел инвестицияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндiрiстi алдыңғы қатарлы әлемдiк технологиялар мен менеджмент деңгейiнде ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн ұтымды ету мақсатында "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқаруға беру туралы "Sресiаltу Metals Company" ұсынысы қабылдансын.
      "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамының басқармасы осы қаулы қабылданған кезден бастап "Specialty Metals "Company дiң" жазбаша келiсiмiнсiз өнiмдi экспортқа шығаруға қандай да болсын шарт жасауды тоқтатсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен келiсiм бойынша "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акцияларының пакетiн басқару жөнiнде "Specialty Metals Company" мен шарт жасау тапсырылсын, онда мыналар көзделсiн:
      тараптардың мiндеттемелерi мен кепiлдiктерi (осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған мәмiлелер бойынша реттеудi ескерiп);
      "Specialty Metals Company" кәсiпорынның қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы мiндеттемесiн орындамаған жағдайда шартты бiржақты бұзу мүмкiндiгi;
      басқару жөнiндегi шарттық қағидаларының орындалуы үшiн пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету жүйесi;
      басқа да қажеттi шарттар.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан осы шартқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы мәселе акционерлер жиналысында заңда белгiленген тәртiппен шешiлгенге дейiн "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамының басшы қызметкерлерiмен жасалған контрактiлердiң күшi сақталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқару жөнiндегi шарттық қағидаларының орындалуына бақылау жасайтын өкiлi болып тағайындалсын және оған осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi он күн мерзiмде үкiметтiң осы қаулыға қайшы келетiн шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар әзiрлесiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады