Айдабол спирт зауытының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 28 қыркүйек N 1294

      Айдабол спирт зауытының қызметiн тұрақтандыру, бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, инвестициялардың түсуiн, өндiрiстi әлемдiк технологиялар мен басқару әдiстерi деңгейiнде ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Акцепт" ЖШС фирмасы ұсынған Айдабол спирт зауытын басқару және дамыту бағдарламасы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған мәмiлелер бойынша қаржы мәселелерiн реттеудi қарастырып Айдабол спирт зауытын басқаруға беру туралы "Акцепт" ЖШС фирмасымен шарт жасасын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кәсiпорынды басқару туралы шарттың ережелерiнiң орындалуына бақылау жасау бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлiн тағайындап, оған осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн басқару туралы шарттың ережелерiнiң орындалуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету жүйесiн үйлестiру жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады