Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1995 жылғы 23 қазан N 1382

      Қазақстан Республикасындағы ақпарат кеңістігін дамыту, халықты ақиқатты және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Қазақстан-1" теледидар каналында жалпы көлемі аптасына 34 сағат хабар тарату уақыты бекітілсін: күндізгі уақытта 8.00-ден 9.30-ге дейін кешкі уақытта 20.00-ден 24-00-ге дейін. Сенбі және жексенбіде: күндізгі уақытта 9.00-ден 10.00-ге дейін кешкі уақытта 20.00-ден 22.15-ке дейін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен тағайындалатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорына кәсіпорынның құрылымы мен штаттық кестесін дербес белгілеу құқығы берілсін.
      5. Бір ай мерзімде:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жарғы қоры мөлшерінің аталған сомасында мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын заңдарда белгіленген тәртіппен беріп, кәсіпорынды орналастыру үшін үй-жаймен қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі кәсіпорнының заңдарда белгіленген тәртіппен қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен шет елдердегі тілшілік пунктті құру және қызметімен байланысты шығындарды қаржыландыруды мемлекеттік тапсырыстарды қаржыландыруға қарастырылған қаражат шегінде республикалық бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны материалдарының тұрақты жіберілуі мен жөнелтілуі және олардың эфирге берілуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етсін. 8. Облыстар мен Алматы қаласының әкімдері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және оның тілшілік пункттерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады