"Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 26 қазандағы N 1383

      1994-1995 жылдары Реформаларды жеделдету және экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес нарық қатынастарын қалыптастыру, бәсекенi дамыту және жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн оның иелену, пайдалану және басқару құқықтарына тыйым салсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi:
     N 1 қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларын
жеке жекешелендiру бағдарламасы бойынша сатсын;
     N 2 қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларын
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатсын;
     3. "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 тамыздағы N 750
қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34,
393-бап/ күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

                                            Қазақстан Республикасы  
                                                  Үкiметiнiң
                                            1995 жылғы 26 қазандағы
                                                N 1383 қаулысына
                                                    1 қосымша

          "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының
          құрамынан шығарылған және жеке жоба бойынша
          жекешелендiруге жатқызылған акционерлiк 
                        қоғамдардың
                          тiзбесi

     "Карбон" АҚ, Рудный қаласы, Қостанай облысы
     "Карбид" АҚ, Темiртау қаласы
     "Акпо" АҚ, Ақтау қаласы
     Ақтөбе хром қоспалары зауыты

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            1995 жылғы 26 қазандағы
                                                N 1383 қаулысына
                                                   2 қосымша

          "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының
          құрамынан шығарылған және жаппай жекешелендiруге  
          жатқызылған акционерлiк қоғамдардың
                        тiзбесi

     "Индербор" АҚ, Атырау облысының Индербор поселкесi
     "Ритхимнефть" АҚ, Атырау қаласы
     "Қазхимреактив" АҚ, Алматы қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады