Көкшетау облысындағы Васильковка кенiшiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 қаңтар N 17

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Placer Kazakhstan Limited" компаниясының арасындағы 1995 жылғы 11 сәуiрдегi келiсiмнiң күшiнiң жойылуына байланысты, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi республиканың геологиялық қорларына "Placer Kazakhstan Limited" компаниясына бұрын берiлген, аталған компания Васильковка кенiшi мен лицензиялық аумағындағы өз жұмыстарының есебiнен алынған бүкiл геологиялық ақпаратты керн материалымен қоса, сондай-ақ осы жоба бойынша "Placer Kazakhstan Limited" компаниясы алдын ала дайындаған техникалық-экономикалық негiздеменi қайтарып алсын.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Placer Kazakhstan Limited" компаниясымен келiссөздiң тоқтатылуы нәтижесiнде, "Placer Kazakhstan Limited" компаниясына қайтарылатын 35 (отыз бес) млн. АҚШ доллары мөлшерiнде бонустың бiрiншi бөлiгiн шегеру жөнiнде келiссөздерге қатысқан республиканың мемлекеттiк органдары мен кәсiпорындарының барлық шығындары мен материалдық залалын есепке алып, оны бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi келiсiмнiң шарттарына сәйкес, осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген шығындар мен материалдық залалдан басқа 35 (отыз бес) млн. АҚШ доллары мөлшерiнде бонустың алынған бөлiгiн "Placer Kazakhstan Limited" компаниясына қайтарсын.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

     Шетел инвестицияларын тарта отырып, Көкшетау облысының
Васильковка кен орнында өнеркәсiптiң алтын өндiру саласын дамыту
жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 сәуiрдегi N 455 қаулысы;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының
1995 жылғы 11 мамырдағы N 7-35 өкiмi;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының
1995 жылғы 15 маусымдағы N 7-55 өкiмi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады