Спирт және спирт-арақ өнiмдерiн өндiру бойынша кәсiпорындардың қызметiн және жекешелендiрiлуiн жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қаңтар N 109

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 26/95 және 1995 жылғы 3 қазандағы N 30/95 кәсiпорындарды басқару құқығына арналған контрактiлерге орай, "Акцепт" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi өз мiндеттемелерiн толық көлемде орындап отырғанын ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Тараз" акционерлiк қоғамының аумағында орналасқан және онымен бiрыңғай технологиялық кешендi құрайтын арақ құю цехын "Тараз" акционерлiк қоғамының жарғы қорына енгiзсiн.
      "Тараз", "Талғар-спирт", "Айдабол спирт заводы", "Шарап" акционерлiк қоғамдары жарғы қорының акцияларын 39 проценттен сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдардың жарғы қорының акцияларын 39 проценттен "Акцепт" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне - фирма басқарушысына сатуды жүзеге асырсын.
      3. "Акцепт" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi республика бюджетiне төлеген ақша қаражаты (бонусы) сатып алынған акцияларға төленген сома ретiнде есепке алынсын.
      4. "Жамбыл спирт-арақ өндiрiстiк-сауда бiрлестiгiнiң шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi баланстан балансқа беру туралы" Жамбыл облысы әкiмiнiң 1995 жылғы тамыздағы N 117 қаулысының күшi жойылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады