"Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасы заңын қолдану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 2 ақпан N 143. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.31. N 1190 қаулысымен. ~P971190

      "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының мемлекеттiк тiркелген күнi (1992 жылғы 24 қараша) бiрлескен кәсiпорынға шетел инвестицияларын жүзеге асырған сәтi деп саналсын.
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары және Алматы қаласының әкiмi 2002 жылдың 24 қарашасына дейiн "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 1-тармағына сәйкес кәсiпорынды тiркеу сәтiнде қолданылған заңды қолдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы 2002 жылдың 24 қарашасына дейiнгi кезеңге:
      "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне кәсiпорынды тiркеу сәтiнде қолданылған салық заңының нормалары мен салықтар ставкаларын қолдансын;
      "Италавто" бiрлескен кәсiпорны импортталатын спирттен, алкоголь мен темекi бұйымдарынан басқа, импортталатын тауар үшiн қосылған құнға салынатын салықтан және импортталатын акциздеуге жататын тауарларға акциздерден босатылсын. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1996.07.29. N 945 қаулысымен. P960945_
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi импортталатын тауарларға кеден бажын есептеу кезiнде 2002 жылдың 24 қарашасына дейiн "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне кәсiпорынды тiркеу сәтiнде Қазақстан Республикасында қолданылған кеден заңын қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады