Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 143 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 шiлде N 945. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.31. N 1190 қаулысымен. ~P971190

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасы заңын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 143 P960143_ қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Италавто" бiрлескен кәсiпорны импортталатын спирттен, алкоголь мен темекi бұйымдарынан басқа, импортталатын тауарлар үшiн қосылған құнға салынатын салықтан және импортталатын акциздеуге жататын тауарларға акциздерден босатылсын".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және ол қабылданғанға дейiн жасалған контрактiлерге қолданылмайды.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады