Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 маусымдағы N 634 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 6 ақпан N 159. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.06. N 170 қаулысымен. ~P970170

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 маусымдағы N 634 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 271-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тариф кестесi негiзiнде еңбекке ақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 p920888_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 40, 604-бап)" сөздерi "Қазақстан Республикасы экономикасы салалары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 P960031_ қаулысымен" сөздерiмен ауыстырылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады