Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi оқу орындарының мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 15 ақпандағы N 207

      Республиканың қаржы жүйесi органдарын арнаулы орта бiлiмi бар бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк Қаржы институтының оқу-материалдық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Семей қаржы-экономикалық колледжiн құру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк Қаржы институтының (бұдан әрi - институт) материалдық-техникалық базасының бiр бөлiгiнiң есебiнен колледждi қажеттi үй-жаймен қамтамасыз етсiн;
      республиканың қаржы жүйесi органдарының қажетiне қарай бiлiктi мамандар даярлау үшiн аталған оқу орындарын қажеттi оқу-әдiстемелiк және ғылыми базамен қамтамасыз етсiн;
      есептеу техникасы мен оқу жабдықтарын сатып алуға кететiн шығыстарды қоса есептегенде, 1996 жылға бекiтiлген қаржы шегiнде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне басқа шығыстарға көзделген қаражатты ескере отырып, колледждi қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Қаржыминiнiң келiсуiмен бiр ай мерзiм iшiнде бөлу балансына сәйкес тиiстi үй-жайларды белгiленген тәртiппен колледждiң балансына беретiн болсын.
      4. Семей облысының әкiмi құрылысы анықталмаған, тоқтатылған, Семей қаласындағы Карл Маркс көшесiнде орналасқан 60 пәтерлiк тұрғын үйдiң құрылысын аяқтап, институт пен колледждiң оқытушылары мен қызметкерлерiнiң тұруына бөлу үшiн белгiленген тәртiппен институтқа берудiң мүмкiндiгiн қарастырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады