Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 422

      Агроөнеркәсiп кешенi үшiн жоғары және орта арнаулы бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру, оқу орындарының ғылыми-педагогикалық әлеуетiн және материалдық-техникалық базасын тиiмдi пайдалану, мамандарды даярлаудың сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Қазақ ауылшаруашылығы институтын Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi етiп қайта құру және Алматы мал дәрiгерлiк институтын таратып оның материалдық-техникалық базасын, оқу шаруашылықтарын, басқа да бюджеттiк және шаруашылық есептiк бөлiмшелерiн жаңадан құрылған университетке беру туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      Алматы су шаруашылығы колледжi, Талғар ауыл шаруашылығы колледжi және Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру колледжi заңдық мәртебелерi мен қаржыландыру көздерi сақталып Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiнiң құрамына енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiнiң Жарғысы мен құрылымын бекiтсiн, мамандықтар тiзбесiн айқындап, тиiстi әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының бiлiм министрлiгi, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерi қайта ұйымдастырылған жоғары оқу орындарына және оның құрамына енгiзiлген арнаулы орта оқу орындарына бөлiнген қаржы шегiнде олардың құрылымдарын оңтайландырудан үнемдеудi ескерiп Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады