Шығыс Қазақстан облысының түстi металлургия кәсiпорындарын дағдарыстан шығару жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 сәуiр N 425

      Шығыс Қазақстан облысының қорғасын-мырыш салалық кәсiпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мына акционерлiк қоғамдар: "Зырян қорғасын комбинаты" 85 процентi, "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" - 52,3 процентi және "Лениногор полиметалл комбинаты" - 69,3 процентi мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясының сырттай басқаруына берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына "Зырян қорғасын комбинаты", "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамдарының жарғылық қорынан акцияларының 51 процентi мөлшерiнде кепiлдiктi жүзеге асыруға құқық бере отырып, инвестицияларды тартудың кепiлдiгi ретiнде "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясымен сырттай басқаруға жасасқан контрактiге Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдардың кредиторларымен бiрлесiп кредиттiк берешектердi өтеудiң мерзiмi мен кестесiн айқындасын.
      4. <*>
      5. <*>
      Ескерту. 4, 5-тармақтардың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.11.29.
               N 1453 қаулысымен. P961453_
      6. "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясы Өскемен, Лениногор, Зырян қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп бiр апта мерзiм iшiнде "Зырян қорғасын комбинаты", "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамдарының әкiмдер балансына беруге жататын әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн айқындасын және бiр ай мерзiм iшiнде оларды беру сәтiнде жұмыс iстеп тұрған жағдайда берудi жүзеге асырсын.
      Шығыс Қазақстан облысының әкiмi қабылданған әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыру мәселесiн оларды оңтайландыруды ескере отырып шешсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдарға қосылған құнға салынатын салықты өтеу тетiгiн әзiрлесiн.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Малеев кенiшiнiң құрылысына және "Долинное" кен орнын әзiрлеуге арналған инвестициялық жобаны 1996-1998 жылдарға арналған инвестициялық басым объектiлер тiзбесiне енгiзсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 15 қарашадағы N 1534 қаулысының 8-тармағында көрсетiлген объектiлердi берудi, кiрпiш зауытын салу кезiнде жинақталған берешектердi өтеудi ескере отырып, аяқтасын.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi бiр ай мерзiмде Үкiметке Өскемен қаласындағы емдеу-сауықтыру кешенiн салу кезiнде жинақталған, орындалған жұмыстар бойынша борыштарды толық өтеу және оның құрылысын жалғастырудың мақсаттылығы туралы ұсыныс енгiзсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Долинное" кен орнын әзiрлеуге арналған лицензияны "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамына белгiленген тәртiппен ресiмдесiн.
      12. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi және "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясының басшылары бiр ай мерзiм iшiнде жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдарының босатылған қызметкерлерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн.
      Босатылған қызметкерлердi кәсiби даярлауға және қайта даярлауға

байланысты шараларды қаржыландыру Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
мемлекеттiк қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
     13. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын
қаржылық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 15 қарашадағы N 1534 қаулысының 2, 3,
4-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
     14. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г. Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады