Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 523

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
      2. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен халық депутаттары жергiлiктi кеңестерiнiң немесе олардың орындарының құрамына сайлануы нәтижесiнде қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылған әскери қызметшiлердiң - халық депутаттарының әскери қызметтi өткеруiнiң ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасы  Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 172 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 6, 82-бап).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                
1996 жылғы 29 сәуiрдегi         
N 523 қаулысымен             
бекiтiлген                 

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
             енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар

      1. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.06 N 934 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 251 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженiң (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 122-бап) 3-тармағының "е" тармақшасындағы "Әскери күштердiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. Күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.
      4. Күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 1998.08.26. N 803 қаулысымен.
      5. "Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы Уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1100 қаулысының 3-тармағындағы "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық әскерлерiне деген сөздер "Шекара әскерлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      6. Күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады