Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 6 маусым N 934. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.06.19. N 574 қаулысымен. ~P980574

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс

 

министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

     2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 6 маусымдағы

                                          N 934 қаулысымен

                                              бекiтiлген


          Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы

                                ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде мемлекеттiң әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясаты саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Министрлiк аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, банкте шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, бланктерi, мөртаңбалары болады.
 
      II. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
           мiндеттерi
 
      6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын қорғау үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлікте ұстау және қамтамасыз ету,
      Қазақстан Республикасына қарсы әскери шабуылды болдырмау және мүмкiн агрессияға қарумен тойтарыс беру үшiн қажеттi жағдай жасау;
      Қазақстан Республикасының әскери-саяси ахуалын бағалау, қауiпсiздiгiне ықтимал қауiптiң сипаты мен дәрежесiн айқындау;
      Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасын әзiрлеуге қатысу, бiрыңғай әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясат жүргiзу;
      басқа мемлекеттермен әскери-саяси және әскери ынтымақтастықты қамтамасыз ету және бiрлескен қорғаныс бойынша күштердi келiсу, сондай-ақ соғысты болдырмауға арналған шараларды жүргiзуге тiкелей қатысу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын, оның аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарадағы экономикалық мүдделерiн күзету және қорғау;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жеке құрамын әскери, құқықтық, патриоттық және адамгершiлiк тәрбиелеудi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қарулы Күштердегi заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi туралы заң актiлерiн жүзеге асыру;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың соғыс уақытында жұмыс iстеуi үшiн экономикасын жұмылдыруға әзiрлеудi, сондай-ақ республика тұрғындары мен аумағын, коммуникациясын қорғанысқа әзiрлеудi ұйымдастыруға қатысу;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың соғыс уақытындағы қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      Министрлiктiң әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерiнiң әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктерiн қорғау;
      әскери iс-қимыл жүргiзуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      қорғанысқа және мемлекеттiк шекараны күзетуге арналған шығыстар бойынша Республикалық бюджеттiң жобасы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
 
      III. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
           функциялары
 
      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      Қазақстан Республикасының Президентiне қарауға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылысы мен дамуы, қару-жарақ пен әскери техника түрлерiн дайындау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың жобаларын әзiрлейдi және ұсынады;
      белгiленген тәртiппен әскери және балама қызметтердi өткеру, әскери қызметшiлердiң мәртебесi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен заң актiлерiнiң жобаларын енгiзедi;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскер түрлерi мен тектерiнiң құрылымын, штат санын айқындайды, өз өкiлеттiгi шегiнде кадрларды даярлау мен оларды орналастыруды қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен Қарулы Күштерге адам, көлiк және материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруды жүргiзедi;
      әскери техника мен мүлiктi жасау, өндiру және жөндеу үшiн мемлекеттiк тапсырыс орналастырады, олардың дайындалуына, сынақтан өткiзiлулерiне, шығарылу мен жасалу сапасына бақылау жасалуды белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      әскери ғылымның дамуына басшылық жасайды, әскери-ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және жүргiзедi;
      қарулануға (жабдықтауға және пайдалануға) қару-жарақтың, оқ-дәрiлер мен әскери техниканың жаңа және жетiлдiрiлген үлгiлерiн белгiленген тәртiппен қабылдап алады, сондай-ақ қаруланудан (жабдықтаудан, пайдаланудан) ескiрген үлгiлердi алып тастайды;
      әскери-оқу орындарында Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан әскери кадрларды даярлау процесiн бақылайды;
      заңдарда белгiленген тәртiппен, басқа мемлекеттердiң тиiстi мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары сол мемлекеттердiң әскери оқу орындарына жiберiлуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi жұмысты өзара iс-қимылда жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң барлық санаттағы әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерiнiң оқу, тәрбие, құқықтық жұмыстарын және өзге де даярлығын жоспарлайды және ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының республика экономикасының жұмысын соғыс уақытындағы жұмыс тәртiбiне көшiруi жөнiндегi жұмысына бақылау жасайды;
      әскери саясат мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзуге және халықаралық шарттар жасасуға қатысады, олардың атқарылу барысына бақылау жасайды;
      қазiргi бар және болжалып отырған әскери қауiптiң сипаты мен дәрежесiне сәйкес республиканың және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әскери-саяси одақтың қорғаныс жеткiлiктiлiгiнiң деңгейiн айқындауға қажеттi әскери-саяси сипаттағы ақпараттарды жинауды, қорытындылауды және талдауды ұйымдастырады.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi бiрлестiктерiнiң, құрамалары мен бөлiмдерiнiң шараларды жоспарлауларына, жедел және жауынгерлiк әзiрлiктерiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасауды қамтамасыз етедi;
      республиканың қорғаныс мүддесi үшiн күрделi құрылысты ұйымдастырады және оған бақылау жасайды;
      республика аумағында радиациялық, химиялық және бактериялық улануларды анықтау жүйелерiн құруға және қамтамасыз етуге қатысады, гарнизондарда, әскери қалашықтарда, полигондарда және қорғаныс мақсатындағы басқа да объектiлерде мезгiл-мезгiл санитарлық-эпидемиологиялық тексерулер жүргiзудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сынақ полигондарының, әскери бөлiмдер мен құрамаларының iс-әрекетiмен қоршаған ортағы келтiрiлген экологиялық залалды айқындау мақсатында арнайы құрылған комиссиялардың жұмысына қатысады;

 

     Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi конверсиясының

бағыттарын айқындауға қатысады;

     қаржылық және материалдық-техникалық құралдардың тиiмдi

жұмсалуын қамтамасыз етедi;

     Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды

жүзеге асырады.


     IV. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң

         құқықтары


     8. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттердi және өз функцияларын

орындау кезiнде:


 
       қорғаныс жөнiндегi заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және оны бұзған кiнәлiлердi белгiленген тәртiппен жауапқа тартуға;
      өз құзыретi шегiнде атқарылуы мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруға;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпараттарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк меншiктегi мүлiкке иелiк жасау, пайдалану және билiк жүргiзудi жүзеге асыруға;
      заңдарда белгiленген жағдайда және тәртiп бойынша лицензиялауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiне қатысты олардың функцияларын жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк кәсiпорындар басшыларын тағайындауға;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өздерiне берiлген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
 
      V. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
         қызметiн ұйымдастыру
 
      9. Министрлiктi қызметке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi (бұдан әрi - Министр) басқарады.
      10. Министрi Министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген тапсырмалардың орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруларына жеке жауап бередi.
      11. Министр:
      Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады;
      өз орынбасарларының және Министрлiктiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк шеңберiн айқындайды;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң республика егемендiгiн, аумақтық тұтастығы мен оның шекараларына қол сұғылмаушылықты қорғаудағы жауынгерлiк әзiрлiк жағдайларын бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi жоғарғы командованиесiнiң командалық лауазым қызметтерiн атқаруға және жоғары әскери атақтар беруге тағайындалатын генералдар мен офицерлердiң кандидатураларын ұсынады;
      әскер тектерiнiң жедел жоспарларын бекiтедi, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiн жауынгерлiк қолдану жоспарларын келiседi;
      әскерлерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде құқықтық тәртiптi нығайту мен қорғауға бағытталған тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес әскери қызметтiң бекiтiлген мерзiмiн өтеген мерзiмдi әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасы қарулы Күштерi қатарынан босату туралы және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы бұйрықтар шығарады;
      Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiн қолдану жоспарын, сондай-ақ жұмылдыру жоспарлары мен олардың құрылысы жөнiнде ұсыныстар ұсынады;
      офицер құрамын лауазымдарға тағайындайды, оларды қызмет бойынша орын ауыстыру, әскери атақтар беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi қатарынан босату мәселелерiн шешедi;
      Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi, Қорғаныс министрлiгi аппаратының генералдары мен офицерлерiн лауазымға тағайындау және одан босату туралы шешiмдердi белгiленген тәртiппен қабылдайды;
      әскер тектерi бойынша қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделi салымдардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың негiзгi түрлерiне тапсырыс көлемiн бөлудi бекiтедi;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа мемлекеттердiң қарулы Күштерiмен ынтымақтастығын жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi бойынша генералдар мен

 

офицерлердi, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын

марапаттау туралы бұйрықтар шығарады;

     азаматтардың арыздарын, шағымдарын қарауды және әскери

қызметшiлердiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау

ұйымдастырады;

     қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретiне жататын басқа да

мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды.

     12. Министрдiң орынбасарлары болады.

     13. Министрдiң орынбасарларын

     Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және

қызметтен босатады.

     14. Министрдiң орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерiнiң

қолбасшылары:

     бiрлестiктер, құрамалар мен бөлiмдердiң жауынгерлiк қолдану

жоспарларын әзiрлейдi;


 
       жауынгерлiк кезекшiлiктi (әскери, шекара қызметтерiн) ұйымдастырады, жедел жауынгерлiк әзiрлiктi жоспарлайды және өткiзедi, бағыныстағы әскерлердiң жауынгерлiк әзiрлiгiн бiр қалыпты ұстау жөнiндегi өзге де шараларды жүргiзедi;
      бағынысындағы әскерлердi тiкелей жауынгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
      әскерлер мен күштердi бейбiт кезеңнен соғыс жағдайына жоспарлы түрде көшiрудi ұйымдастыруға бағытталған жұмылдырушылық әзiрлiк жөнiндегi шаралар кешенiн жоспарлайды және жүзеге асырады;
      әскерлердi жауынгерлiк және жедел әзiрлеудi ұйымдастыру, базалар, қоймалар, арсеналдар, полигондар және қорғаныс мақсатындағы басқа да ғимараттар құрылысын салу кезеңiндегi экологиялық қауiпсiздiк шаралар кешенiн жоспарлайды және жүзеге асырады;
      бағынысты әскер тектерi құрылыстарының перспективалық жоспарын, әскери техниканың, қару-жарақ пен мүлiктердiң ескiрген үлгiлерiн өңдеу мен ауыстыру жоспарларын әзiрлеудi жүзеге асырады;
      әскери ынтымақтастық жөнiндегi халықаралық шарттарды сақтау бойынша шараларды жүзеге асырады;
      жеке құрамға қажеттi мұқтаждарды толық қанағаттандыруды, техниканы, қару-жарақты, әскери-техникалық мүлiктердi дұрыс пайдалануды қамтамасыз етедi;
      бейбiт және соғыс уақытында жеке құраммен тәрбиелiк және

 

әлеуметтiк-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргiзедi;

     әскери ұжымдарды бiрiктiруге, әскерлерде заңдылықтар мен құқық

тәртiбiн нығайтуға бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асырады;

     әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң арыздары мен

шағымдарын қарайды;

     Министрдiң нұсқауы бойынша өзге де функцияларды атқарады.

     15. Министрлiкте әскери басқару органдарының қызметiн жетiлдiру

мәселелерi бойынша шешiмдердi алқалық әзiрлеу, тапсырылған iстiң

орындалуын бақылау, кадрларды iрiктеу, Министрлiктiң жұмысын жақсарту

үшiн кеңесушi-консультативтiк орган - Алқа құрылады.

     16. Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.

     17. Алқа шешiмдерi Министрдiң бұйрығымен хабарланады.

     18. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi түрлерiнде ұқсас

принциппен Қарулы Күштер түрлерiнiң Әскери кеңестерi құрылады.

     19. Министрлiктiң әскерлер басқармасы органдарының, әскери

құрамалар мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң өкiлеттiктерi Министрдiң өз

құзыретi шегiнде бекiткен тиiстi ережелерiмен айқындалады.


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 6 маусымдағы

                                           N 934 қаулысына

                                               қосымша


               Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi

                   жойылған кейбiр шешiмдерiнiң

                             ТIЗБЕСI



 
       "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 575 қаулысы.
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 575 қаулысына iшiнара өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 наурыздағы N 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 98-бап).
      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы Ережеге толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 ақпандағы N 161 қаулысы.
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 523 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 453-құжат).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады