Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзудi жеделдету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 8 тамыз N 984. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.14. N 666 қаулысымен. ~P980666

      Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою жұмыстарын уақтылы жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 2851 (екi мың сегiз жүз елу бiр) млн. теңге, оның iшiнде 1996 жылы 1278 (бiр мың екi жүз жетпiс сегiз) млн, теңге сомасына арналған Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзудiң берiлiп отырған бағдарламасы мақұлдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
               N 1715 қаулысымен. P961715_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996-1998 жылдары бекiтiлген бағдарламаға сәйкес жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Медетшi банкi арқылы "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған кәсiпорнына қажеттi қаржы ресурстарын бөлудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне қажеттi есептер мен Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталар өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiкте болатын адамдардың тiзiмiн табыс етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты

әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1996 жылдың 1 қазанына дейiн
Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталар жауапкершiлiкте
болатын өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн адамдарға 
өтем төлемдерi жөнiндегi шығыстарды 1997 жылы және одан кейiнгi 
жылдары қаржыландыру көздерiн дайындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 тамыздағы
                                          N 984 қаулысына
                                              қосымша

              Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда
                         жою жұмыстарын жүргiзудiң

                                БАҒДАРЛАМАСЫ
____________________________________________________________________
 Шығындардың атауы       барлығы  Жылдар бойынша шығындарды игерудiң
                                               көлемi
____________________________________________________________________
                                   1995     1996     1997     1998
____________________________________________________________________
         1                  2        3        4        5        6
____________________________________________________________________
 Барлығы                  2851,0   120,0    1278
<*>
  995
<*>
   458,0
 оның iшiнде:
 Майқұдық шахтасы          477,0    44,3     267,9   164,8     -
 Северная шахтасы          243,0     4,3     180,8    57,9     -
 Дубовская шахтасы         357,6    39,4     226,2    92,0     -
 Топар шахтасы             285,3    17,4     180,9    82,3    4,7
 Степная шахтасы           194,3    12,6     132,5    49,2     -
 Шерубай-Нұра шахтасы      390.6      -      116,1
<*>
 177,7
<*>
 96,8
 Долинская шахтасы         398,0             116,3
<*>
 185,2
<*>
 96,5
 "Карагандалигвидшахт"
 МК бойынша пайдалану
 шығыстары                  56,0     2,0      18,0    18,0     18,0
 Октябрь революциясының
 50 жылдығы атындағы
 шахта (бұрынғы N 37
 және N 38 шахталарының
 бөлiгiнде)                449,2      -       39,3   167,9    242,0

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң  1996.13.31. N 1715
              қаулысымен.   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады