Қытай Халық Республикасы кредитiн пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 тамыздағы N 1056

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында 1994 жылғы 26 сәуiрде жасалған Үкiметаралық Келiсiмге сәйкес берiлген 50 (елу) миллион қытай юаны мөлшерiндегi қытай кредитiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң Қытай Халық Республикасының 50 (елу) миллион қытай юаны мөлшерiндегi кредитiн құрылыс материалдары, шағын механикаландыру бұйымдары мен құралдары өндiрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi "Харе" қазақ-қытай бiрлескен кәсiпорнының жобасын жүзеге асыру үшiн пайдалану туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесiп Қытай Халық Республикасы берген кредит қаражаты есебiнен құрылыс материалдары, шағын механикаландыру бұйымдары мен құралдары өндiрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Кредит бойынша негiзгi қарызды, проценттердi және барлық жолай төлемдердi төлеудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне осы кредиттi өтеу жөнiнде кепiлдi мiндеттеме ұсынатын "Мантра" акционерлiк қоғамы өз мiндетiне алатындығы назарға алынсын.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне аталған кредиттi белгiленген тәртiпке сәйкес қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Қытай Халық Республикасы берген кредиттi жұмсауға және тиiмдi пайдалануға бақылау жасау Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне жүктелсiн.
      6. "Қытай Халық Республикасының тауарлық кредитi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1584 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады