Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк лотереяларды өткiзу мен ұйымдастырудың тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1344. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.01.27. N 103 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикада

компьютерлiк лотереяларды қоса, мемлекеттiк лотереяларды ұйымдастыру
мен өткiзу жүктелсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
     екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында оларды
ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
     бiр ай мерзiмде республикада мемлекеттiк компьютерлiк
лотереяларды өткiзу жөнiндегi инвестор-ұйымдастырушыны айқындауға
арналған тендер өткiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады