1996 жылғы 12 қарашада Нью-Делиде (Үндiстан) болған авиаапатына байланысты "McGuire, Woods, Battle & Boothe, L.L.P "халықаралық заң фирмасын Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғауға тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қарашада N 1402

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 1996 жылғы 12 қарашада Нью-Делиде (Үндiстан) болған авиаапатына байланысты жалпы тергеу, сот iсiн, үкiметтiк органдармен, сақтандыру агенттiктерiмен және басқа тиiстi тараптармен келiссөздер жүргiзу, сот құжаттары мен жарысым қағаздарын әзiрлеу мен ұсыну, барлық соттарда, комиссияларда, агенттiктерде немесе басқа да уәкiлеттi органдарда адвокат ретiнде сөйлеу және iске қатысты құқық мәселелерi мен процедураларды зерттеудi қоса Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру және қорғау үшiн "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасын таңдау туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасы ұсынған Хаттаманың мәтiнi мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi К.А. Колпаковқа "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасымен жасалған Хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасына осы мәселеге байланысты туындаған қажеттi құжаттама мен рұқсат берудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасына 1996 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезек күттiрмейтiн мұқтаждарына арнап көзделген қаражат есебiнен 100 000 (жүз мың) АҚШ доллары мөлшерiнде аванстық төлем жасасын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасы ұсынған шотқа ай сайын төлем жасауды Хаттамада айқындалған тәртiп пен шекте жүргiзуге рұқсат етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады