Қарағанды облысы бюджеттiк мекемелерiнiң қарыздары бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша N 1416

      Қарағанды облысы бюджеттiк мекемелерiнiң жылу және электр энергиясы үшiн пайда болған берешектерiн қысқарту және электр станцияларын көмiрмен үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп "Борлы" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке есептелген жалпымемлекеттiк салық бойынша есептемеге алынған 81283 мың (сексен бiр миллион екi жүз сексен үш мың) теңге сомасындағы берешегiне қоса берiлiп отырған тiзбеге (1-қосымшаға) сәйкес өтем жасасын;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi республикалық мекемелерiнiң пайдаланған жылу және электр энергиялары үшiн берешектерiн өтеуге есептемеге алу үшiн 1996 жылғы республикалық бюджетте мемлекеттiк мiндеттемелердi орындауға көзделген 31810 мың (отыз бiр миллион сегiз жүз он мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн, ал "Борлы" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке төлемдер бойынша 49473 мың (қырық тоғыз миллион төрт жүз жетпiс үш мың) теңге сомасындағы қалған берешегiн оларға 1996 жылы көзделген қаражатқа сәйкес республикалық мекемелердi қаржыландыру есебiне есептесiн (2-қосымша).
      2. "Борлы" акционерлiк қоғамының Қарағанды облысының электр

станцияларына республикалық бюджетке есептелетiн төлем есебiне,
келiсiлген баға бойынша облыс әкiмдерi бекiткен кестеге сәйкес көмiр
беру туралы ұсынысы қабылдансын.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылғы 
1 қазандағы жағдай бойынша осы есептеменi 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 21 қарашадағы
                                            N 1416 қаулысына
                                               1-қосымша

           "Борлы" акционерлiк қоғамының республикалық
         бюджетке есептемеге алынатын берешегiнiң сомасы

                                                  (мың теңге)
___________________________________________________________________
     Кәсiпорын атауы          | Заңды        | ҚҚС      | Барлығы
                              |тұлғалардан   |          |
                              |алынатын табыс|          |
                              |салығы        |          |
___________________________________________________________________
     "Молодежный"  кенiшi        19303         26300      45603
     "Қушоқы" кенiшi              3612          4334       7946
     "Карагандауголеразрезы"     23223          4511      27734
     МРК

          Жиыны                  46138         35145      81283


                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 21 қарашадағы
                                           N 1416 қаулысына
                                               2-қосымша

         Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк
            мекемелердiң жылу және электр энергиясы үшiн
                есептемеге алынатын берешек сомасы
___________________________________________________________________
Министрлiктер мен          | Барлығы    |    Оның iшiнде
ведомстволардың            |            |__________________________
атаулары                   |            |  электр     |   жылу
                           |            | энергиясы   | энергиясы
___________________________________________________________________
  Бiлiм министрлiгi           23593                      23593

  Денсаулық сақтау
    министрлiгi               14042                      14042

  Ғылым министрлiгi-
  Ғылым академиясы            4490                       4490

  Iшкiiсминiнiң iшкi
  әскерлер бас басқармасы     1473           878         595

  Төтенше жағдайлар
  жөнiндегi мемкомитет        2432                       2432

  Қорғаныс министрлiгi        719                        719

  "Қазақстан теледидары
  мен радиосы" корпорациясы   266                        266

  Әдiлет министрлiгi          1158           1158

  Бас прокуратура             573            573

  Ауыл шаруашылығы
  министрлiгi                 727            727

  Iшкiiсминiнiң ҚАЖ бас
  басқармасы                  31810          31810


     Жиыны                    81283          35146       46137 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады