Ақмола, Ақтөбе, Алматы қалаларына аэродромдық радиолокаторлар беру жөнiндегi инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1666

      Француз Республикасы ұсынған несиенi тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Француз Республикасының несиесiн 1996 жылдың 16 наурызында "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен "Томсон-ЦСК" (Франция) арасында жасалған 607/РВР контрактiсiне сәйкес Ақмола, Ақтөбе, Алматы қалаларына аэродромдық радиолокаторлар беру жөнiндегi инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн пайдалану туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Аталған жоба бойынша аванстық төлемдi төлеудi, негiзгi қарызды, проценттердi, несие бойынша барлық iлеспе төлемдердi өтеудi және банк шығындарын төлеудi өзiне қабылдайтын "Қазаэронавигация" республикалық кәсiпорны түпкiлiктi заем алушы болып айқындалсын.
      3. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне төлемдiк мiндеттемелердi атқаруды қажеттi қамтамасыз етудi ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      Сосьете-Женераль француз банкiмен дербес несиелiк келiсiм жасассын;
      "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен iшкi несиелiк келiсiм жасассын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен

Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету туралы
келiсiм және несиеге қызмет көрсету туралы келiсiм жасассын.
     6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп аталған жобаның жүзеге
асырылуын және несие бойынша төлемдердiң уақытылы жүзеге асырылуын
бақылауды қамтамасыз ететiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады