Қазақстан Республикасының темiр жолдары бойынша бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешегiн өтеу тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 желтоқсан N 1684

      Қазақстан темiр жолдарын қайта ұйымдастыру рәсiмдерiнiң және олардың төлем қабiлетiн қалпына келтiру бойынша шаралардың жүргiзiлуiне байланысты және жүк жөнелтушiлердiң дебиторлық берешегiне және химия, металлургия және көмiр өнеркәсiбiнiң бiрқатар кәсiпорындарының қарыздарын тоқтатуға байланысты туған темiр жолдардың ауыр қаржы жағдайын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Салық комитетi, Еңбек министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1996 жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн төлемдер бойынша берешегiн өтеу мерзiмiн Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темiр жолдарына 1 жыл мерзiмге ұзартсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi тиiстi министрлiктермен бiрлесiп Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темiр жолдарының бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн төлемдер бойынша берешегiн өтеудiң келiсiлген кестесiн қабылдасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады