Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1770

      Экономиканың мемлекеттiк секторының мемлекеттiк Медетшi банкке қаржылық сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруы үшiн берiлген кәсiпорындарының борыштарын қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне қаржылық сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруы үшiн берiлген мынадай мемлекеттiк сектор кәсiпорындарының бюджет алдындағы қарыздарды қайтару бойынша:
      "Қостанай дизель зауыты" акционерлiк қоғамының 2058 мың (екi миллион елу сегiз мың) сомасындағы, оның iшiнде проценттерi 58 (елу сегiз мың) теңге;
      "Карагандарезинотехника" акционерлiк қоғамының 3080 мың (үш миллион сексен мың) теңге сомасындағы, оның iшiнде проценттерi 80 (сексен мың) теңге;
      "Карагандашахтуголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының 149414 мың (бiр жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз он төрт мың) теңге сомасындағы, оның iшiнде проценттерi 10514 мың (он миллион бес жүз он төрт мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеу жүргiзсiн.
      Аталған сомалар 1996 жылға арналған республикалық бюджетте

ұйымдарды санациялауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Медетшi банкi бойынша көзделген қаражатты қаржыландыру
есебiне есептелсiн.
     2. Берешектi есептеу аталған сомаларды 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып
жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады