"Қазақстан Республикасында түркi тiлдi мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО-ның және Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның Ұлы Жiбек Жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1067

      "Қазақстан Республикасында түркi тiлдi мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО-ның және Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның Ұлы Жiбек Жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 3476 U973476_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Экономика және сауда министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның Ұлы Жiбек Жолының қазақстандық учаске бойынша жобасын қоса атқарушылармен ("Жiбек Жолы" компаниясымен) "Жiбек жолының" тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұраларын сақтау және сабақтас дамыту" туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бағдарламасының жобасын 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсынсын.
      2. "Жiбек Жолы" ұлттық комитетiнiң қоса берiлiп отырған құрамы бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Жiбек жолы" мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жобаларды бiрiншi кезекте қарауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Алматы қаласының және Алматы облысының әкiмдерiмен бiрлесiп, 1997 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде "Мәдениет саласындағы демалысты және қызметтi ұйымдастыру" функционалдық тобы бойынша 1997 жылдың 1 қазанына дейiн Алматы қаласында мемлекеттiк көшпелi өркениет музейiн және Алматы облысында "Талқыз" туристiк мәдени-этнографиялық кешенiн құрсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi "Жiбек жолы" компаниясымен бiрлесе отырып "Жiбек Жолы" халықаралық қоғамдық мәдени-бiлiм орталығын құру үшiн құрылтайшылар мен қатысушылар құрамын айқындасын.
      6. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясы, Бiлiм және мәдениет министрлiгi, "Жiбек жолы" ұлттық комитетi "Жiбек Жолы" компаниясымен бiрлесе отырып 1998 жылдың тамыз айында Алматы қаласында "Жiбек Жолы және Қазақстан" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Бiлiм және Мәдениет министрлiгi "Жiбек Жолы" компаниясымен бiрлесе отырып, жыл сайын Жiбек Жолы бойынша туризм күнiн белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 1998 жылға арналған инвестициялық бағдарламада "Талқыз" туристiк мәдени-этнографиялық кешенiнiң құрылысын көздесiн,
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы "Жiбек Жолы" компаниясымен бiрлесiп бiр ай мерзiмде "Жiбек Жолы" мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға қажеттi әкiмшiлiк ғимараттары, қонақ үй кешендерi, қонақ үйлер, көлiк құралдары, автокәсiпорындар тiзбесiн айқындасын.
      10. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасын - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шаруашылық Басқармасымен бiрлесiп бiр ай мерзiмде туристiк кешен және "Жiбек Жолы" халықаралық қоғамдық мәдени-бiлiм орталығын құру үшiн қажеттi үй-жайлардың тiзбесiн айқындасын.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк туристiк ұйымның Ұлы Жiбек Жолы қазақстандық учаскесi бойынша жобаны атқарушы "Жiбек Жолы" компаниясымен осы қаулының 9-тармағында аталған тiзбеге сәйкес объектiлердi сенiмдi басқаруға арналған шарттарды 15 жыл мерзiмге жасассын.
      12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi Комитетi 1997 жылы 22-24 сәуiр аралығында Тегеран қаласында өткен II халықаралық мәжiлiстiң нұсқауларына сәйкес 1997 жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде Жiбек Жолы бойымен туристердiң саяхатын жеңiлдету мақсатында визалық және шекаралық шарттылықтарды оңайлату жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
      13. "ЮНЕСКО-ның "Сұхбаттасу жолы - Жiбек жолын кешендi зерттеу (1988-1997 жылдар)" жобасын жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комитетiн Қазақстан Республикасының "Жiбек Жолы" ұлттық комитетi етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1992 жылғы 21 қаңтардағы N 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 3, 38-бап) мынадай

өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы "Жiбек Жолы" Ұлттық
комитетiнiң қоса берiлiп отырған құрамы бекiтiлсiн" деген сөздер
алынып тасталсын;
     2-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
     3-тармақ алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 7 шiлдедегi
                                          N 1067 қаулысымен
                                              бекiтiлген

                  "Жiбек жолы" ұлттық комитетiнiң
                               ҚҰРАМЫ

     
     
<*>


     Тасмағамбетов И.Н.       - Қазақстан Республикасы
                                Премьер-Министрiнiң орынбасары-
                                Қазақстан Республикасының
                                Бiлiм және мәдениет министрi,
                                төраға

     Аманшаев Е.Ә.            - Қазақстан Республикасының
                                Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi
                                үйлестiру бөлiмiнiң сектор
                                меңгерушiсi, жауапты хатшы

                 Ұлттық комитеттiң мүшелерi:

     Әбусейiтова М.К.         - Қазақстан Республикасының Ғылым
                                министрлiгi - Ғылым академиясы
                                шығыстану институты директорының
                                орынбасары

     Айтжанов М.С.            - Қазақстан Республикасының
                                Ақмола облысы "Қорғалжын
                                қорығының директоры

     Ақаев А.А.               - Оңтүстiк Қазақстан облысы
                                "Ақсу-Жабағылы "ЮНЕСКО
                                биосфералық қорығының
                                директоры

     Баев Н.И.                - Қазақстан Республикасының
                                Экология және биоресурстар
                                министрi

     Байпақов К.М.            - Қазақстан Республикасы Ғылым
                                министрлiгi - Ғылым академиясы
                                Марғұлан атындағы Археология
                                институтының директоры

     Бейсенбаев К.Б.         - "Sanat" туристiк фирмасының
                                президентi (келiсiм бойынша)

     Безус Н.С.               - Қазақстан Республикасының
                                Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi
                                үйлестiру бөлiмiнiң аға
                                референтi

     Берсток Х.               - БҰҰ-ның Қазақстандағы өкiлеттi
                                өкiлi (келiсiм бойынша)

     Бұзубаев Т.И.            - Қазақстан Республикасы Шекара
                                әскерлерiнiң қолбасшысы

     Долженков В.А.           - Алматы облысы әкiмiнiң
                                бiрiншi орынбасары

     Досмұхамбетов Т.М.       - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                                және мәдениет министрлiгi
                                Туризм және спорт департаментiнiң
                                директоры

     Дүйсенғалиева К.К.       - "Жiбек жолы" компаниясының
                                президентi (келiсiм бойынша)

     Қасейiнов Д.К.           - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                                және мәдениет министрлiгi
                                Мәдениет департаментiнiң
                                директоры

     Қасымов Ғ.Е.             - Қазақстан Республикасының
                                Мемлекеттiк кеден комитетiнiң
                                төрағасы

     Қуанышев Д.О.            - Қазақстан Республикасы
                                Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
                                комитетiнiң директоры

     Лавриненко Ю.И.          - Қазақстан Республикасының Көлiк
                                және коммуникациялар министрi

     Левитин В.Л.             - Маңғыстау облысының әкiмi

     Метте В.Л.               - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi

     Мұқашев Ж.Ж.             - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                вице-министрi

     Насыров Р.Р.             - Жiбек жолы қазақстандық учаскесiнiң
                                жол көрсеткiшi анықтамалығының
                                бас редакторы, публицист-зерттеушi

     Есенбаев М.Т.            - Қарағанды облысының әкiмi

     Никитинский Е.С.         - "Жiбек жолы" компаниясының
                                вице-президентi (келiсiм
                                бойынша)

     Сапарбаев Б.С.           - Қызылорда облысының әкiмi

     Тәңiрбергенова Г.Т.      - Қазақстан Республикасының
                                Президентi Әкiмшiлiгi Iшкi
                                саясат бөлiмiнiң сектор
                                меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

     Тәкенов Ж.А.             - БҰҰДБ-ның орнықты дамыту жөнiндегi
                                аға кеңесшiсi (келiсiм бойынша)

     Тоқаев Қ.К.              - Қазақстан Республикасының
                                Сыртқы iстер министрi

     Тұрғымбаев Ғ.            - Қазақстан Республикасы "Алтын-
                                Емел ұлттық паркiнiң бас
                                директоры

     Тұрысбеков З.Қ.          - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi

     Тұяқбаева Б.Т.           - Қазақстан Республикасының
                                Экономика және сауда министрлiгi
                                Құрылыс және сәулет-қала құрылысын
                                бақылау агенттiгiнiң бас маманы

     Тышанов А.Қ.             - Жамбыл облысының әкiмi

     Храпунов В.В.            - Алматы қаласының әкiмi

     Школьник В.С,            - Қазақстан Республикасының
                                Ғылым министрi - Ғылым академиясының
                                президентi

     
<*>

     Бекбосынов К.            - Тараз ескерткiштерi қорық-мұражайының
                                директоры
<*>

    
     Дәмитов К.К.             - Қазақстан Республикасы Экономика және 
                                сауда министрiнiң орынбасары /вице-
                                министр/
<*>

      
     Жалелов У.К.             - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
                                мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет
                                департаментiнiң мәдениет ескерткiштерiн
                                қорғау мен мұражай жұмыстары 
                                инспекциясының бастығы
<*>


     Құлыбаев А.             - Қазақстан Республикасы Экономика және
                               сауда министрлiгiнiң Құрылыс және
                               сәулет-қала құрылысын бақылау жөнiндегi
                               агенттiгiнiң директоры
<*>


     Қозыбаев М.             - Ш. Уәлиханов атындағы тарих және 
                               этнология институтының директоры
<*>


     Рыскелдиев Т.           - "Әзiрет-Сұлтан" Түркiстан
                               тарихи-мәдени қорық- мұражайының 
                               директоры
<*>


     Ходжаев М.              - Отырар археологиялық қорық-мұражайының 
                               директоры 
<*>


     Хэдлоу М.               - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы
                               өкiлi (келiсiм бойынша)
<*>

     ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.05. N 1217
              қаулысымен.  

P971217_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады