Республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн тракторлармен лизинг шарты бойынша қамтамасыз ету мақсатында өзара борыштарға есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1209

      Республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы жасап шығаратын тракторлармен лизинг шарты бойынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Богатырь-Аксес-Көмiр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң республикалық бюджет алдындағы қосылған құнға салынатын салық және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы жөнiндегi 65 (алпыс бес) млн. теңге мөлшерiндегi берешегiн өтесiн;
      аталған соманы "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне лизинг шарты бойынша трактор берiп тұруы жөнiндегi шараларды ұйымдастыруы үшiн Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорын қаржыландыру есебiне есептесiн.
      Берешекке есептеме аталған соманы 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
      2. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне лизинг шарты бойынша трактор берудi өзiнiң "Богатырь-Аксес-Көмiр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне жинақтаушы заттар үшiн берешегiн өтеудiң есебiне жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi

"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамымен, "Богатырь-Аксес-Көмiр"
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен және лизинг берушiлермен
бiрлесе отырып, есептеме жүргiзуге арналған өзара борыштарды
салыстыру актiлерiнiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi есептеме жүргiзу барысына бақылау орнатсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады