Судың, газдың және жылудың жұмсалуын есептейтiн отандық құралдар өндiрiсi мен оларды орнатудың пилоттық жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 13 тамыздағы N 1256

      "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 P970889_ қаулысын жүзеге асыру барысын талдау халыққа есептеу құралдарын орнатудың кестесi бұзылғандығын көрсетiп отыр. Негiзгi себептерi - есептеу құралдарын сатып алуға қаражаттың болмауы, отандық өндiрушiлердiң есептеу құралдарының өндiрiсiн өрiстетуге айналым қаражатының жетiспеушiлiгi.
      Суды, газды және жылу қуатын есептейтiн отандық құралдар өндiрiсiн ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан және Қарағанды облыстарының кәсiпорындарында коммуналдық қызмет көрсетулердi есептейтiн құралдар өндiрiсi және осы аймақтардың, сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғын үй қорларын олармен жарақтау жөнiндегi пилоттық жобасы мақұлдансын.
      2. Жоғарыда аталған облыстардың әкiмдерi:
      пәтер иелерi кооперативтерi мен коммуналдық қызметтердi ұсынушылардың қатысуымен есептеу құралдарын орнату кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн, қызмет берушiлер мен пәтер иелерi кооперативтерiнiң арасында шарттар жасалуын қамтамасыз етсiн;
      есептеу құралдарын шығаратын кәсiпорындар үшiн өндiрiс көлемi жөнiндегi тапсырысты айқындасын;
      халыққа коммуналдық қызмет үшiн есеп айырысу кезiнде "есептеу құралдарының" төлем құжатына жеке жолмен есептеу құралдарының құнын қосу арқылы несиелердiң қайтарылуын көздесiн;
      есептеу құралдарының өндiрiсiн және орнатуды несиелеудiң кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн шешiм қабылдасын;
      мыналарды:
      коммуналдық қызметтердi құралдық есептеудiң экономикалық пайдалылығы туралы халық арасында түсiндiру жұмыстарының жүргiзiлуiн;
      коммуналдық қызметтiң отандық өндiрiсiнiң есептеу құралдарын сатып алуға түсетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Солтүстiк Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкiмдерi есептеу құралдары өндiрiсiн бөлiп, осы жұмыстарды 1997 жылғы 20 тамызға дейiн жасауға мүмкiндiктерi бар өндiрушi кәсiпорындардың тiзбесiн айқындасын.
      4. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiне:
      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң облыстық филиалдарында коммуналдық жыл қуаты, суарнасы кәсiпорындарының және басқа да коммуналдық қызмет берушiлердiң жинақтаушы шоттарын ашу;
      бизнес-жоспары болған жағдайда, қызмет берушi кәсiпорындар және отандық есептеу құралдарын шығарушылар арасындағы шарттар негiзiнде 3 жылға дейiн мерзiмге несиелiк желiлер ашу;
      тұрғын үй қорына есептеу құралдарын сатып алып, орнатуға тұтынушыларға несиелер беру мәселесiн пысықтау ұсынылсын;
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы қаулының жүзеге асырылу барысы туралы 1997 жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндасын,
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады