Капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар шығару және алдағы шығарылымның жетекшi менеджерi, несиелiк-рейтингтiк және заң кеңесшiлерiн тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 тамыздағы N 1291

      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңына сәйкес және капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздарды шығаруды табысты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен 250-350 (екi жүз елу-үш жүз елу) млн. АҚШ доллары жалпы сомасындағы капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясын, сондай-ақ оларды республикалық бюджетке орналастырудан қаражат түсуiн жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 217 өкiмiне сәйкес құрылған жұмыс комиссиясының капиталдың халықаралық рыноктарына орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясын жүзеге асыру кезiнде жетекшi менеджер және несиелiк-рейтингтiк кеңесшi етiп "JP Morgan" компаниясын сайлау туралы, сондай-ақ "White & Case" компаниясын алдағы эмиссияның заң кеңесшiсi етiп сайлау туралы шешiмi мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте сыртқы займдарды орналастыру үшiн комиссиялық төлеуге арналып көзделген қаражаттың есебiнен алдағы эмиссияға қызмет көрсеткенi үшiн "White & Case" және "JP Morgan" компанияларына комиссиялық төлемдер төлеуге арналған шығындарды көздесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясына қатысты келiссөздер жүргiзсiн және құжаттарға қол қойсын, бұл ретте шығарымның мерзiмдерiн оларға қызмет көрсетудiң және өтеудiң тәртiбiн айқындасын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады