Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi 1998 жылы ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстар туралы<*> ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiнде сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. N 817 қаулысымен.~P980817

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 25 ақпандағы N 140

&ltATTR name="zg" value="Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi 1998 жылы ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстар туралы

; ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiнде сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. N 817 қаулысымен.~P980817"/&gt

;

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражатын мемлекеттiң меншiгiне тауарлар сатып алуға және мемлекетке қажеттi жұмыстар мен қызмет көрсетулердi алуға тиiмдi жұмсау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы (1-қосымша) мен ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi болатын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырысшыларының тiзбесi (2-қосымша) бекiтiлсiн.<*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. N 817
қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiне заңдарда белгiленген тәртiппен конкурстар өткiзу үшiн 1998 жылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы мен көлемi, оларды жеткiзудiң мерзiмдерi және қаржыландыру көздерi туралы қажеттi мәлiметтердi уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсiн.<*>
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi 1998 жылы белгiленген номенклатура және олармен келiсiлген мерзiмде тапсырыс берушiлердiң тiзбесi бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуға конкурс ұйымдастырсын.<*>

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 25 ақпандағы       
N 140 қаулысына           
1-қосымша               

     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. N 817 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi
мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы
болатын республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып
алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң
номенклатурасы

     Мұнай өнiмдерi
     Көмiр
     Ұйымдастыру техникасы (мектептердi компьютерлендiруге арналған)
     Мердiгерлiк жұмыстар ("Қазақстан Республикасының тиiстi жылға арналған инвестициялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген тiзбеге енген объектiлер бойынша)
     Азық-түлiк тауарлары (жалпы құны тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналып Қазақстан республикасының заңдарында белгiленген есептi көрсеткiштердiң 10000 кем емес тауарлардың бiртектi түрлерiнiң өнеркәсiптiк өндiрiсi)
     Заттай мүлiк (жалпы құны тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналып Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi көрсеткiштердiң 10 000 кем емес тауарлардың бiртектi түрлерi)
     Дәрi-дәрмектер мен медициналық мүлiк (орталықтандырылған тәртiппен сатып алынған)
     Көлiк құралдары
     Мемлекеттiк материалдық резервке аманатқа тапсырылатын материалдық ресурстар

                                       Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 25 ақпандағы       
N 140 қаулысына            
                                          2-қосымша               

      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.31. N 817
қаулысымен .

Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi
департаментi болатын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi
конкурстардың тауарларды, жұмыстарды және қызмет
көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын
тапсырысшыларының тiзбесi<*>

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi - мұнай өнiмдерi, көмiр, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi - мұнай өнiмдерi, көмiр, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
     Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
     Республикалық ұлан - мұнай өнiмдерi, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
     Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
     Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi - мүлiктiк заттар, көлiк құралдары.
     Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi - ұйымдастыру техникасы, дәрi-дәрмектер, көлiк құралдары.
     Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң материалдық резервтер жөнiндегi комитетi - мемлекеттiк материалдық резервтерге саналатын материалдық ресурстар.
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi      - мұнай өнiмдерi, көмiр, азық-түлiк тауарлары, мүлiктiк заттар, көлiк құралдары. <*>
     Мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады