Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 140 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 31 тамыздағы N 817

      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк сатып алулар процесiндегi қызметiн үйлестiрудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 140 P980140_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 7, 40-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) атауындағы "департаментi" деген сөзден кейiн "1998 жылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) қаулы мен қосымшалардың атауындағы, мәтiнiндегi "қаржы министрлiгiнiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1-тармақтағы "Тауарлардың" деген сөздiң алдынан "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы" деген 1-қосымшада:
      атауындағы "ұйымдастырушы болатын" деген сөздерден кейiн "республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) көрсетiлген қаулыға "Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi болатын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырысшыларының тiзбесi" деген 2-қосымшада:
      "жергiлiктi атқарушы органдар - көмiр, мұнай өнiмдерi, көлiк құралдары" деген сөздер алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады