Байланыс формасы

Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту мен салу жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 маусмдағы N 610

      Астана қаласы әуежайының жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды қамтамасыз етудегi айрықша маңызын ескере отырып, әуежайды қайта жаңарту мен салуды толық көлемiнде орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен "Әуежай Ақмола" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамын таратуды жүргiзсiн.
      Құрылып отырған "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, таратылып отырған "Әуежай Ақмола" акционерлiк қоғамының барлық мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiм iшiнде:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiмен бiрлесе отырып, "Әуежай Ақмола" акционерлiк қоғамы таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi, сондай-ақ ұшу-қону алаңы мен VIР үй-жайын қоса отырып, "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық қорын қалыптастырсын.
      "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғысын бекiтсiн және оның басшысымен келiсiм-шарт жасассын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Астананың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен айналысатын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Ақмола қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 37 P980037_ қаулысына:
      аталған қаулының қосымшасында:
      мынадай мазмұндағы жол алынып тасталсын:
      "Әуежай Ақмола" АҚ";
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65 және 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 37 қаулыларына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 58 P980058_ қаулысында:
      бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады