1998 жылдың жазында "Тау шапағы" балалар сауықтыру лагерiнде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 14 шiлдедегi N 672

      Жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, республиканың экологиялық қолайсыз аумақтарындағы балалардың жазғы демалысына және оларды сауықтыруға мемлекеттiк қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Алматы қаласының әкiмi 1998 жылдың жазында Алматы қаласындағы "Тау шапағы" балалар сауықтыру лагерiнiң базасында жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарындағы балаларды сауықтыруды және олардың демалысын ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарындағы балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру үшiн 5 млн. теңге бөлсiн.
      3. Облыстардың, астананың және Алматы қаласының әкiмдерi балалар мен оларды алып жүрушiлердiң тұратын жерлерiнен "Тау шапағы" лагерiне дейiн және қайтар жолы үшiн қаражат қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық

 

сақтау министрлiгi "Тау шапағы" лагерiне келетiн балаларды қарсы

алуды және шығарып салуды ұйымдастырсын, оларды ерекше медициналық

бақылауға алсын.

     5. Алматы қаласының әкiмi "Тау шапағы" балалар сауықтыру

лагерiнде балалардың тұруының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады