"Қазақалтын" акционерлік қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 1 тамыздағы N 727

      Оңалту рәсімдерін қолданудың қанағаттанғысыз нәтижелеріне, "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына және оның дәрменсіздігіне байланысты, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Z980256_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап бiр апта мерзімде "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына кредиторлық және дебиторлық берешегінің талдамасын, несие берушілер талаптарының тізілімін қоса алғанда, "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының қаржы-экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық қажеттi құжаттаманы жіберсін.
      2. "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы:
      1) қажетті құжаттарды алған күннен бастап 6ip апта мерзім ішінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына қатысты банкроттық туралы ic қозғау туралы талап арызбен Қазақстан Республикасының сот органдарына шағымдансын;
      2) сотқа конкурстық басқарушының кандидатурасын ұсынсын;
      3) несие берушілер комитетіне өкілдің кандидатурасын белгілесін.
      3. "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, мыналарды көздейтін конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қорытындысын ескере отырып, "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының конкурстық массасын сату жоспарын "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамының бекітуі;
      2) "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сату;
      3) өндірістің, табиғатты қорғау объектілері мен Ақсу, Бестөбе және Жолымбет поселкелерінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің жұмысын қамтамасыз етудің үздіксіз циклін сақтай отырып банкроттық рәсімдерін жүргізу;
      4) "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шарттар жасасу құқығын конкурстық басқарушыға беру;
      4-1) конкурстық басқарушыға конкурстық массаны өндірісте тауарлық- материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер және негізгі қорлар бөлігінде пайдалану құқығын беру;
      5) "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының қызметкерлермен еңбек шарттарын үздіксіз жасасуын және осы шарттар бойынша мүліктік кешен сатып алушының құқықтық мұрагерлігін қамтамасыз ету;
      6) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түсетін қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында үшінші кезектегі несие берушілердің уәкілетті өкілдерімен келісе отырып мұндай несие берушілердің талаптарын өтеу жөніндегі міндеттемесі;
      7) конкурстық массаның құрамына кірмейтін мүлікті пайдаланған кезде сатып алушының конкурстық кезеңде "Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды сатып алу бағасына өтеу шығыстарын қоспай өтеуi.
      8) конкурстық басқарушы конкурстық массаның құрамына кіретін мүлікті тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер және негізгі қорлар бөлігінде пайдаланғанда, олардың құны сатып алу құнына енгізіледі.

 

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.11.23.

              N 1191 қаулысымен. 


P981191_



     4."Қазақалтын" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын банкроттық

рәсімдерін жүргізу кезеңінде "Қазақатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы

осы қаулының 3-тармағының 4)-тармақшасын iске асырумен байланысты

шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады