"Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 10 тамыздағы N 758

      "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859 U983859_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесе отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен бiр айлық мерзiмде мемлекет үлесi кемiнде 50 процентiне 1 акция қосылатын "Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамын құру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн және оның Жарғысын бекiтсiн.
      2."Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы ашық акционерлiк қоғамының негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн:
      тарихи қалаларды қайта жаңғырту және Қазақстан Республикасы туризмiнiң инфрақұрылымын дамыту бойынша ұйымдар мен жеке тұлғалардың өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қажеттi ғылыми және өндiрiстiк әлеуеттi бiрiктiру;
      Жiбек жолы бойындағы объектiлердi археологиялық, сәулеттiк, қала құрылыстық зерттеу, Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрасы туралы деректер банкiн жасау;
      Жiбек жолы бойындағы туризм объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген тарихи қалалар мен басқа да елдi мекендердi дамытудың негiзгi кезеңдерiн (не фрагменттерiн) жаңғырту және мұражайландыру мен көркейту;
      Жiбек жолының тарихи орталықтарының дәстүрлi құрылыстарын қалпына келтiру (регенерациялау) және сабақтастыра дамыту, оларда түбегейлi сәулеттiк-кеңiстiктiк және этномәдени ортаны түлету, аумақты көркейту және инженерлiк-коммуникациялық қамтамасыз ету;
      Жiбек жолындағы қалалар мен елдi мекендердiң дәстүрлi құрылыстарының базасында туризм инфрақұрылымын: сервистiк қызмет көрсету және сауда кәсiпорындарын, ғибадаттық және туристiк кешендердi, халықтық қолөнер шеберханаларын, этнографиялық мұражайлар мен театрларды, салттық табыну және тарихи, дiни орталықтарды және басқаларын құру;
      жергiлiктi, аймақтық және халықаралық деңгейлерде және оның алуан қырлы барлық (танымдық, iскерлiк, спорттық, сауықтыру, экзотикалық және т.б.) түрiнде туризм және ғибаттық индустрияны дамыту;
      тарихи ландшафтарды, керуен жолдарын, атты және жаяу жүргiншiлер маршруттарын қалпына келтiру, Жiбек жолы бойындағы ортаны iзгiлендiру, оларды қайта жаңарту, көркейту және пайдалану, жол сервисi инфрақұрылымын құру;
      аймақтық экономиканы дамытуды ынталандыру, жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) iске асыру бойынша мемлекет мүддесiн бiлдiру және ұйымдар мен кәсiпорындардың, шығармашылық одақтар мен коммерциялық құрылымдардың iс-әрекетiн бiрiктiру;
      Мемлекеттiк бағдарлама объектiлерiн инвестициялауға және салуға арналған конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастыру;
      Жiбек жолы трассасын тарихи - сәулеттiк және қала құрылысы зерттеулерiн қамтамасыз ету жөнiнде жаңа жобаларды әзiрлеу мен iске асыру;
      туризм инфрақұрылымы объектiлерiн салу.
      3.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1642
               қаулысымен. P001642_
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Алматы , Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi "Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесе отырып ол мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн 2 апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұйымдардың Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi, мемлекет меншiгiндегi мүлкi мен акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi бiр ай мерзiм iшiнде "Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамына осы қаулының 4-тармағына сәйкес объектiлердi беретiн болсын.
      6.
      7. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi

 

мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi Мемлекеттiк бағдарламаны iске

асыру үшiн тiкелей инвестицияларды, қайтарусыз қаржылық және

техникалық көмектi тарту жөнiнде шаралар қабылдасын.

     8.



     ЕСКЕРТУ.6 және 8-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07.

             N 705 қаулысымен. 


P990705_




     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы

                                                Үкiметiнiң

                                           1998 жылғы 10 тамыздағы

                                           N 758 қаулысымен

                                                 бекiтiлген


              "Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы

                         Байқаушы кеңесiнiң

                               ҚҰРАМЫ


     Арын Ерлан Мұхтарұлы         - Қазақстан Республикасы Бiлiм,

                                    мәдениет және денсаулық сақтау

                                    вице-министрi, төраға

     Аймақов Бауыржан             - Қазақстан Республикасы

     Жаңабекұлы                     Инвестициялар жөнiндегi

                                    мемлекеттiк комитетiнiң

                                    директоры

     Досмұхамбетов Темiрхан       - Қазақстан Республикасының Бiлiм,

     Мыңайдарұлы                    мәдениет және денсаулық сақтау

                                    министрлiгi Туризм және спорт

                                    комитетiнiң төрағасы

     Ертiлесова Жанат             - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Жұрғалиқызы                    бiрiншi вице-министрi


     Қосынов Төребек              - Қазақстан Республикасы Ауыл

     Олжабайұлы                     шаруашылығы министрлiгiнiң

                                    Орман және аң шаруашылығы

                                    комитетiнiң төрағасы


     Қошанов Аманжол              - Қазақстан Республикасы Ғылым

     Қошанұлы                       министрлiгi - Ғылым академиясы

                                    вице-президентi


     Құлыбаев Асқар               - "Жiбек жолы - Қазақстан"

     Алтынбекұлы                    ұлттық компаниясының президентi


     Сарабекова Тәрбие            - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Сербайқызы                     министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк

                                    және жекешелендiру департаментi

                                    директорының орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады