Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 13 тамыздағы N 766

      "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбi туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алтын-Арқа" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Шығыс Қазақстан облысындағы Жерек кен орнын игеруге 1997 жылғы 28 мамырдағы МГ сериясы N 107 Д Лицензиясымен берiлген кен қойнауын пайдалану құқығын кепiл ретiнде "Қазақстан

 

Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi" мемлекеттiк

кәсiпорнына беруге рұқсат етiлсiн.

     Осы рұқсаттың қолданылу мерзiмi - алты ай.

     2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне

жүктелсiн.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады