Қазақстанның GDDS - Деректер таратудың бас стандарттары жүйесiне қатысуына әзiрлiк туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 11 қыркүйектегi N 871

      Қазақстанның GDDS - Деректер таратудың бас стандарттары жүйесiне қатысуы туралы Халықаралық Валюта Қорының ұсынысына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттiк және ведомстволық статистиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Халықаралық Валюта Қорының қызметкерлерiмен жұмыс iстеу және Қазақстанның GDDS жүйесiне қатысуына әзiрлiкке байланысты барлық жұмыстарды жалпы үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi ел үйлестiрушiсi болып айқындалсын.
      2. Статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды немесе шараларды әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк статистика мен ведомстволық статистика жүйесiнде экономикалық және қаржылық деректер өндiрiсi және оларды тарату үшiн GDDS-деректердi таратудың бас стандарттары басшылыққа алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде GDDS-ге мүшелiкке кiрудiң рәсiмiмен көзделген құжаттарды дайындасын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады