Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына разрядты жүктердің транзиті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 28 желтоқсан N 1340

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Ресей Федерациясының Өзбекстан Республикасына:
      1) "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) мен "Узалмаззолото" ассоциациясының (Ташкент қаласы) арасында жасалған 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 27/98-НВ келісім-шартқа, 1998 жылғы 17 наурыздағы N 1-қосымшаға, 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 2-қосымшаға, 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3-қосымшаға сәйкес "Узалмаззолото" ассоциациясына;
      2) "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) мен "Өзбекгеофизика" мемлекеттік геологиялық кәсіпорнының (Ташкент қаласы) арасында жасасылған 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 25/98-НВ келісім-шартқа сәйкес "Өзбекгеофизика" мемлекеттік геологиялық кәсіпорнына;
      3) "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) мен "Узавтодор" мемлекеттік акционерлік концерні арнаулы бұрғылау-жару басқармасының (Ташкент қаласы) арасында жасасылған 1998 жылғы 12 ақпандағы N 32/98- НВ келісім-шартқа 1998 жылғы 15 сәуірдегі N 1-қосымшаға сәйкес "Узавтодор" мемлекеттік акционерлік концернінің арнаулы бұрғылау-жару жұмыстары басқармасына;
      4)"Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) мен "Самарқанд-Мрамор" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының (Самарқанд қаласы) арасында жасасылған 1998 жылғы 26 ақпандағы N 33/98 келісім-шартқа сәйкес "Самарқанд-Мрамор" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына разрядты жүктердің транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 1996 жылғы 5 сәуірдегі Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің он бесінші отырысында бекітілген Қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасымалдау ережелеріне сәйкес жүктің Қазақстан аумағы бойынша өтуі қауіпсіздігінің ерекше шараларын және оны бақылауды қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен транзиттік тасымалдауларға бақылау

жасауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.  








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады