Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсіру үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдануы кезінде туындайтын мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 1999 жылғы 30 сәуір N 6. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсіру үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдануы кезінде туындайтын мәселелерді қарап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы мына мәселелерге назар аударады.

      Қылмыстық кодекстің K970167 259-бабын қолданған кезде оның құрылымының күрделілігіне байланысты көптеген түсініксіздіктер және сұрақтар туындайды.

      Бұл бап есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсірудің әдісіне қарай (алу, сақтау, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту және өткізу) жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін көздейді.

      Осыған байланысты қылмыстық тергеу органдары және соттар заңсыз айналымның бір тәсілін екіншісінен айырған кезде қиындықтарға келіп тіреледі. Ал, заңсыз айналымның әдісін дұрыс анықтаудың елеулі маңызы бар, себебі жасалған әрекетке байланысты кей жағдайларда әкімшілік жауапкершілік, кейде қылмыстық жауапкершілік қолданылады.

      ҚК-тің K970167 259-бабының басқа редакциясында, мысалы, егер оның диспозициясында есірткі және психотроптық заттармен кез келген заңсыз әрекеттер (алу, сақтау, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау және жөнелту) Қазақстан Республикасы "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңында қолданылған терминдерді ескере отырып, "заңсыз айналым" деген бір жалпы термин қолданылса, онда бұл бапты қолдану жеңілірек болар еді.

      Соттардың күнделікті жұмысында кездесетін тағы бір мәселе - ҚК-тің K970167 259-бабының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінінің бір-біріне сәйкес келмейтіндігі. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде берілген мәтінге сай қылмыстық жауапкершілік аталған заттарды тек сатып алғаны үшін көзделеді. Бұл орайда қолданылған "сатып алу" (покупка) термині орыс мәтінінде қолданылған "приобретение" терминінің мағынасына сәйкес келмейді, себебі ол заттарды алудың басқа әдістерін (тауып алу, сыйға тарту, қарызды қайтару, қарызға алу және т. б.) қамтымайды.

      Осы баптың мемлекеттік тілде жазылған екінші бөлігінде аталған заттарды дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау және жөнелту үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту оларды өткізу мақсаты анықталған жағдайда ғана туындайтындығы көрсетілсе, бұл қалыптың орыс тіліндегі мәтіні бойынша осы әрекеттер үшін жауапкершілікке тарту, өткізу мақсатына қарамастан белгіленген.

      "Есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 P98003s_ нормативтік қаулысымен және оған енгізілген 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 2 P99002s_ қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы көптеген түсініксіз мәселелерді шешіп, өзінің құзыры шеңберінде тиісті түсініктемелер береді.

      Бірақ, Жоғарғы Сот Пленумы жоғарыда аталған мәселелерді шеше алмайды, себебі олар заң шығару тәртібінде шешілуге жатады.

      Осыған байланысты Пленум заң шығарушы және атқарушы органдарды заңды жетілдіру қажеттілігі туралы хабардар ету қажет деп есептейді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялар мәртебесі туралы" U952694_ Заң күші бар Жарлығының 28-бап 2-бөлігінің 4-тармағын және 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді: Қылмыстық заңның аталған қалыптарын жетілдіру және олардың дұрыс оқылуын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына ұсынылсын.

Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, принятое в целях совершенствования законодательства

Постановление Пленума Верховного Суда от 30 апреля 1999 года N 6. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 27.

       Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 27 (порядок введения в действие см. п. 2 ).
      Обсудив вопросы, возникающие при применении судами законодательства, устанавливающего уголовную ответственность за незаконный оборот наркотических средств и психотропных веществ, Пленум Верховного Суда Республики Казахстан отмечает следующее.
      При применении статьи 259 K970167_ Уголовного кодекса в силу ее сложной конструкции на практике возникает множество неясностей и вопросов.
      Данная статья предусматривает различную степень ответственности в зависимости от способов незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ, указанных в диспозициях частей этой статьи (приобретение, хранение, изготовление, переработка, перевозка, пересылка и сбыт). В связи с этим органы уголовного преследования и суды испытывают затруднения при отграничении одного способа незаконного оборота от другого. Между тем, правильное определение способа незаконного оборота имеет существенное значение, поскольку в зависимости от этого содеянное в одних случаях может влечь административную ответственность, в других - уголовную ответственность.
      Представляется, что иная редакция статьи 259 K970167_ УК позволила бы облегчить ее применение, если бы в диспозиции статьи, например, любые незаконные действия с наркотическими средствами и психотропными веществами (приобретение, хранение, изготовление, переработка, перевозка и пересылка) были бы названы с учетом терминологии, использованной в Законе РК Z980279_ "О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими", единым термином "незаконный оборот".
      Другим не менее важным вопросом, с которым столкнулись суды на практике, является несовпадение текстов статьи 259 K970167_ УК, изложенных на государственном и русском языках. Так, согласно тексту, изложенному на государственном языке, уголовная ответственность может наступать только за незаконную покупку указанных средств и веществ. Использованный при этом термин "сатып алу" (покупка) существенно отличается по смыслу от термина "приобретение", употребленного в русском тексте, поскольку не охватывает другие способы приобретения этих средств и веществ (находка, дарение, уплата долга, получение взаймы и т.п.).
      Часть вторая этой же статьи, изложенная на государственном языке, предусматривает уголовную ответственность за изготовление, переработку, перевозку и пересылку указанных веществ и средств лишь в случае установления умысла на их сбыт, тогда как согласно тексту этой же нормы на русском языке ответственность за эти деяния наступает независимо от цели сбыта.
      Своим нормативным постановлением N 3 от 14 мая 1998 года P98003S_ "О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных, сильнодействующих и ядовитых веществ" с изменениями, внесенными в него P99002S_ постановлением N 2 от 30 апреля 1999 года, Пленум Верховного Суда Республики Казахстан многие неясные вопросы разрешил и дал в пределах своих полномочий соответствующие разъяснения.
      Однако Пленум Верховного Суда обозначенные выше проблемные вопросы решить не может, так как они подлежат разрешению в законодательном порядке.
      В этой связи Пленум считает необходимым довести до сведения органов законодательной и исполнительной власти о необходимости совершенствования законодательства.
      Руководствуясь п. 4 части 2 статьи 28 и статьей 31 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952694_ "О судах и статусе судей в Республике Казахстан", Пленум Верховного Суда Республики Казахстан постановляет:
      Об изложенном довести до сведения Парламента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан в целях совершенствования указанных норм уголовного закона и устранения их разночтений.
(Специалисты: Умбетова А.М., Цай Л.Г.)