Байланыс формасы

Кейбір Қазақ КСР Жоғарғы Сот Пленумы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қаулыларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Мынадай Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қаулыларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының:

      1) "КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1973 жылғы 8 қазандағы N 15 "Венерологиялық ауруды жұқтыру туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысының орындалу барысы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 12 маусымдағы N 3 қаулысының ;

      2) "Суық қаруды заңсыз алып жүруді, сақтауды, алуды, жасауды немесе өткізуді саралау туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 15 қыркүйектегі N 5 қаулысының ;

      3) "Қылмысты алдын ала уәделеспей жасыру және қылмыстар туралы хабарламау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесінде туындайтын кейбір мәселелер туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1976 жылғы 24 желтоқсандағы N 5 қаулысының ;

      4) "Темір жол көлігінде жүктерді ұрлауға қатысты істерді қарау жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1980 жылғы 29 қыркүйектегі N 5 қаулысының ;

      5) "Автокөлік қылмыстары туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1983 жылғы 23 қыркүйектегі N 11 қаулысының ;

      6) "Азаматтарға газ баллондарын сату кезінде алдауға жол берген газ шаруашылығы қызметкерлерінің әрекетін саралау туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1983 жылғы 23 қыркүйектегі N 12 қаулысының ;

      7) "Тұтынушыларды және тапсырыс берушілерді өлшеуден, есептен жеу және басқадай алдау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1984 жылғы 21 қыркүйектегі N 9 қаулысының ;

      8) "Сот документтерін әзірлеу туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 28 наурыздағы N 13 қаулысының ;

      9) "Материалдарды сотқа дейін протокол түрінде дайындалған қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 20 маусымдағы N 15 қаулысының ;

      10) "Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1987 жылғы 2 қазандағы N 8 қаулысының ;

      11) "Жергілікті әдет-ғұрып сарқыншақтарын құрайтын қылмыстар туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1987 жылғы 2 қазандағы N 9 қаулысының ;

      12) "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберу туралы сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1987 жылғы 2 қазандағы N 10 қаулысының ;

      13) "Кәсіптік міндеттерді орындауға байланысты қылмыстарды квалификациялау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1987 жылғы 2 қазандағы N 12 қаулысының ;

      14) "СССР Жоғарғы Соты Пленумының "Өнеркәсіп кәсіпорындарынан сапасы төмен, стандартқа сай келмейтін немесе комплектісіз өнім шығарғаны үшін және мұндай товарларды сауда кәсіпорындарында сатуға шығарғаны үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы" 1985 жылғы 5 сәуірдегі N 1 қаулысын республика соттарының орындауы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 25 наурыздағы N 1 қаулысының ;

      15) "Еңбектің қауіпсіз жағдайларын және кен, құрылыс жұмыстары мен өзге жұмыстардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған қылмыстық заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы" СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 5 желтоқсандағы N 16 қаулысын республика соттарының орындауы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 24 маусымдағы N 3 қаулысының ;

      16) "Транспорттық қызметтер үшін төленген ақшаны өз меншігіне айналдырған транспорт қызметкерлерінің әрекеттерін квалификациялау туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 23 қыркүйектегі N 5 қаулысының ;

      17) "Мүлікті тыйым салудан босату (хаттаудан шығару) туралы істерді қарағанда заңдарды, СССР Жоғарғы Соты Пленумының және Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларын республика соттарының орындау барысы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 23 қыркүйектегі N 7 қаулысының ;

      18) "Сот ісі жүргізілетін тіл жөнінде заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы N 12 қаулысының ;

      19) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 6 қаулысының ;

      20) "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігін) және Азаматтық іс жүргізу кодексін қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 16 маусымдағы N 13 қаулысының ;

      21) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 16 маусымдағы N 14 қаулысының ;

      22) "Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі қылмыстық заңды жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 20 қаулысының :

      23) ""Қазақстан Республикасы Бас прокурорының "Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 нормативтік қаулысына наразылығы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы N 16 нормативтік қаулысының ;

      24) "Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау немесе қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясына сотқа шағымдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 1 нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады