Жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерінің рыногын дамыту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1999 жылғы 31 наурыз N 343

      Жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерінің рыногын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жекелеген мемлекеттік ұйымдар орындайтын салада жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметтерін жандандыру жолымен жұмыстар мен қызметтер рыногын дамытудың қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігімен келісілсін.
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.22. N 1440  қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі жұмыстар мен қызмет көрсетулер, оның ішінде мемлекеттік ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногын дамыту жөнінде қажетті іс-шаралар жүргізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі заңдардың талаптарын ескере отырып, жоғарыда аталған тізбеде көзделген жұмыстар мен қызмет көрсетулер саласына шағын бизнесті тарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде мал дәрігерлігі туралы заңдардың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін болатын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар мен объектілердің тізбесін ұсынсын.

      5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігімен келісе отырып, бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
1999 жылғы 31 наурыздағы        
N 343 қаулысына            
қосымша              

       ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.22. N 1440  қаулысымен .

Нарықтық қатынастар субъектілері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
Тізбесі

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет

      1. Профилактикалық тексерулер жүргізу.
 

      2. Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдармен келісе отырып).
 

      3. Профилактикалық дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарын жүргізу.
 

      4. Жұмыс орындарын аттестациялауды әдістемелік және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету.

Мал дәрігерлігі саласындағы қызмет

      5. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттiк монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер.
      6-10 <*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда, 6-10- тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1347  қаулысымен.
 
                   Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызмет

      11. Техникалық аудит жүргізу
 

      12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі консультациялық қызмет көрсетулер.
 

      13. Жабдықтарды сертификаттау барысында және техникалық шарттарға сәйкес әдістемелік көмек көрсету.
 

      14. Техникалық қауіпсіздік, жарақаттану және авариялық ережелерді бұзушылықтарды талдау негізінде аварияға қарсы ақпараттық материалдарды дайындау және басып шығару.
 

      15. Болуы ықтимал авариялық жағдайларды жою жоспарларын құруда, авариялық-құтқару құрамаларының оқу-жаттығу шараларын өткізуі кезінде әдістемелік көмек көрсету (мемлекеттік қадағалау органдарымен және осы құрамаларды жасақтаған органдармен келісе отырып).

Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызмет

      16. Стандарттау саласында:
 

      1) өнімге деген техникалық шарттарды әзірлеу;
 

      2) өнім өндіру мен қызмет көрсетулерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
 

      3) тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін өнімді штрихтық кодтау;
 

      4) техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу мен кодтау жүйесін әзірлеу.
 

      17. Метрология саласында:
 

      1) өлшеу құралдарын жасау, салыстыру, жөндеу, сату және жалға беру, сондай-ақ заттардың және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін жасау және метрологиялық аттестациялау;
 

      2) метрология саласындағы қажетті құжаттарды (өлшеулерді жүргізу әдістемелерін, өлшеу құралдарын аттестациялау әдістемелерін) әзірлеу.
 

      18. Өнімді сертификаттау және сертификаттық сынақ саласында:
 

      1) өнім мен қызмет көрсетулерді сертификаттауды жүргізу;
 

      2) өнімнің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне сертификаттық сынақтар жүргізу;
 

      3) біртекті өнім мен қызмет көрсетулер топтарын сертификаттау жөнінде нормативтік құжаттарды әзірлеу;
 

      4) өндіріс пен қызмет көрсетулер саласында сапаны басқару жүйелерін жасау және енгізу.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызмет

      19. Өрт-техника өнімдерін жасап шығару, сынақтан өткізу, сатып алу және беру.
 

      20. Жобалау, іздестіру жұмыстарын орындау.
 

      21. Ғылыми-техникалық консультация беру.
 

      22. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқытып-үйрету.
 

      23. Өртке қарсы насихат жүргізу, халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды оқыту.
 

      24. Оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары.
 

      25. Өрттен қорғау жарақтарын, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын жасап шығару, жөндеу және оларға қызмет көрсету, өрт сөндіру құралдарының сапасын қалпына келтіру.
 

      26. Өртке қарсы қызмет ғимараттарын және құрылғыларын салу, қайта жаңарту және жөндеу.
 

      27. Өрттен қорғау жүйелерін және құралдарын жасап шығару, құрастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
 

      28. Ұйымдарды өрттен қорғау.
 

      29. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.
 

      30. 4-топтағы объектілерге өрт қауіпсіздігі жөнінде қорытындылар әзірлеу.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы қызмет

      31. Мыналардан басқа объектілер мен кешендер құрылыстар құжаттамасының сараптамасы:*
 

      1) мемлекеттік инвестициялардан қаржыландырылатын объектілер мен кешендер құрылыстарының құжаттамасы;
 

      2) өрт-жарылысы қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі және жұмыс істеу тұрақтылығы, еңбек шарттары мәселелеріне қатысты бөлімдер.
      ______________________
      * 31-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттама (бөлімдер) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізуге жатады.

Экологиялық сараптама саласындағы қызмет

      32. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
      жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттарына ұсыныстарды, ескертпелер мен қорытындыларды, табиғатты пайдалану мәселелеріне қатысы бар келісімдерді, шарттарды, халықаралықтарын қоса, дайындау.
 

      33. Шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық аудит өткізу.
 

      34. Қоршаған орта мониторингі жөніндегі жұмыстар.

Жылжымайтын мүлікті қайта түгендеу саласындағы қызмет

      35. Құрылыс салынған жер учаскелерін горизонтальды суретке түсіру:
 

      1) учаскедегі дала жұмыстары;
 

      2) сол учаске бойынша камералық жұмыстар.
 

      36. Құрылыс салынған жер учаскесінде ағымдағы өзгерістерді қағазға түсіру:
 

      1) өзгерістерді анықтау мақсатында жер учаскелерін зерттеу;
 

      2) жер учаскесінің өзгерген сыртқы шекарасын өлшеу;
 

      3) жер учаскесінің өзгерген сыртқы шекарасын камералық өңдеу;
 

      4) жер учаскесіндегі барлық құрылыстар мен ғимараттардың толық бұзылуын анықтау және оны есеп-техникалық құжаттамасында көрсету.
 

      37. Сызу-көшіру жұмыстары.
 

      38.  алынып тасталды
      Ескерту. 38-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.09.18.  N 816 Қаулысымен.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы қызмет

      39. Мемлекеттік техникалық байқаудың алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау.
 

      40. Көлік құралдарын дайындауға, қайта жабдықтауға, көшелерді, қалалық жер бетіндегі электр көлігі желілерінің құрылысын салуға және оларды қайта жаңартуға, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына арналған техникалық құжаттамаларға жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормаларға, ережелерге және стандарттарға сәйкестігі бөлігінде сараптама жасау.
       ЕСКЕРТУ. Жаңа тараумен және 39,40-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 231  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады